РГП «Мемлекеттік сараптама» Астана қаласындағы Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионның құрылыс жобасының құжаттарын қарастыру нәтижесінде оң нәтижеге келді.
Объектінің құрылысы Сарыарқа ауданындағы Кенесары көшесі, 14 мекенжайында жоспарланған. Құрылыс аумағы- 15 мың шаршы метр.
Үш қабатты болашақ стадион 3 600 адамға арналған. Стадион батыс және шығыс жағынан әртүрлі қабатты екі құрылымнан құралған жабық ғимарат. Бұл құрылым металдан жасалған қақпамен байланысқан.
Құрылыс жобасының тапсырыс берушісі – «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ, ал бас жоба басшысы – «Құрылыс консалтинг ҰО» АҚ-ның Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша бөлімшесі. Жобаны 16 ай ішінде аяқтау жоспарланған.