Қауіптің алдын алсақ болғаны

0
57

Ақтөбеде көктемгі су тасқынына тұрғын үйлерді қорғау үшін айналма су арналары салынып жатыр. Жоспарға сәйкес, еріген қар сулары тұрғын аудандарды айналып өтіп, өзендерге ағады. Қазіргі уақытта облыс орталығында су тасқынымен күреске бағытталған ондаған жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды «24.kz».

Бұл су арнасы Қанағат және Құрашасай тұрғын аудандарының жанында салынып жатыр. Ұзындығы шамамен 4 км. Су арна арқылы Жіңішке өзеніне ағады, – дейді «Астана» ауданының әкімі Алмас Жақсылықов. Бұл болашақта тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың су астында қалуының алдын алуға мүмкіндік береді.

– Бұрын су Қанағат тұрғын ауданы арқылы өтетін. Бұл ауданда шамамен 300 үй мен жаңа мектеп су астында қалатын. Қазір арна осы аумақты қауіптен сақтайды.

Нұржан Ағысов бес жыл бұрын Қанағат тұрғын ауданынан жер алып, үй салды. Алайда зейнеткер әр көктемді үреймен күтетін. Оның айтуынша, үй төменде орналасқандықтан, су тасқын қаупі бар.–

Су биіктен ағады, – деп түсіндіреді зейнеткер. – Бірақ енді су айналма арна арқылы өзенге ағады деп үміттенеміз. Өткен жылы тұрғын ауданда көптеген үйлер су астында қалды, бірақ техника дер кезінде келіп, суды бұрып жіберді.

Осындай жобалар қазір қаланың басқа да аудандарында жүзеге асырылуда. Су ағызу арналары «Мағжан», «Думан», «Оңтүстік-батыс-2» тұрғын аудандарының маңында пайда болады.

Міне, жағдайды Ақтөбе қаласы әкімдігі азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Бекзат Тұрғалиев былай түсіндіреді: – Қазіргі уақытта «Авиатор» тұрғын ауданында, 11-ші ықшамауданда және «Гормолзавод» ауданында су ағызу арналарының құрылысы жүргізілуде. Бұл «Авиатор» ауданында суды Сазды өзеніне, ал «Гормолзавод» ауданында Тамды өзеніне бұруға мүмкіндік береді. Биыл көктемде облыс орталығындағы Астана ауданында 50 үй, Алматы ауданында 3544 үй су астында қалды. Бақша ұжымдарының аумағында орналасқан 200 тұрғын үй қалпына келтірілмейтін жағдайға жетті. Айта кету керек, негізгі қауіп Ілек және Қарғалы өзендерінен туындайды. Сондықтан су тасқынына қарсы шаралар аясында су қоймаларының жағалауларын нығайтып, қорғаныс бөгеттерін тұрғызып жатыр.

Автор Наталья Салькова.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here