Павлодарда 280 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді.

0
448

Павлодарда кезекте тұрған 288 азаматқа жалдамалы пәтердің кілттері табысталды. Биыл «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша тағы 250 пәтерді тапсыру жоспарланып отыр.

Облыстық әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, Ладожская көшесі, 17-үйдің жаңа тұрғындары жетім балалар, көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасылар болды. Әлеуметтік тұрғын үй кезегінде жалпы 16 мыңнан астам павлодарлық тұр.

Облыс әкімі Асайн Байханов қоныс иелерін маңызды оқиғамен құттықтады.

— Биыл наурыз айында үш санаттағы кезекте тұрған азаматтарға 210 пәтер бердік. Бүгін мен Павлодардың кезекте тұрған 288 азаматына көптен күткен пәтерлерінің кілттерін табыстағаныма қуаныштымын. Кейбіріңіздің бұл күнді 19 жылдан астам уақыт күткендеріңізді білемін. Облыс басшылығының атынан осыншалықты ұзақ күтуге мәжбүр болғандарыңыз үшін шын жүректен кешірім сұраймын және көрсеткен түсіністіктеріңіз, шыдамдылықтарыңыз бен төзімділіктеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Биыл «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша тағы 250-ге жуық әлеуметтік-несиелік тұрғын үйді тапсырамыз, — деп атап өтті Асайн Байханов.

Өңір басшысы Достық шағын ауданының құрылысы жалғасатынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта жайлы мектеп салынуда, алдағы уақытта балабақша, емхана, мұз айдыны, концерт залы және мешіттің құрылысы жоспарланған. Қалалық қоғамдық көлік қатынасы реттеледі, соның ішінде трамвай маршруттарының желілері де ұзартылады.

Ермек Сериков

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here