Алматыда модификацияланған бетон шығаратын жаңа зауыт ашылды

0
368

Жетісу ауданында «ЛМБ 2022» атты модификацияланған бетон шығаратын зауыт ашылды.

Кәсіпорынның технологиялары күрделі архитектуралық формаларды толтыруға мүмкіндік береді. Модификацияланған бетон монолитті құрылымдарды салуда және одан өнімдер жасауда пайдалануға болады.

«Біздің ауданымызда 174 ірі және орта кәсіпорын жұмыс істейді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 174 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артты. Жаңа кәсіпорынның ашылуы да өндіріс көлемінің өсуіне ықпал етеді. Жаңа зауыт алдағы бір жылда 100-ден астам жұмыс орнын ашады, бұл еңбек нарығына оң әсерін тигізеді», — деді Жетісу ауданының әкімі Ляззат Жылқыбаева.

Болашақта зауыт жоғары маркалы бетондары өндіріп, жылына 100 мың м³ тауарлық бетон өндіру қуатына қол жеткізуді жоспарлап отыр.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here