Су тасқынынан зардап шеккен Құмсай ауылының тұрғындарына жаңа үйлер табысталды: 21 отбасы үшін жаңа бастама.

0
31

Ақтөбе облысы Темір ауданының Құмсай ауылында салтанатты шара өтті: көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 21 отбасы жаңа үйлердің кілтін алды. Бұл Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тұрғын үй беру тапсырмасы бойынша іске асуда.

Әрқайсысының ауданы 80 шаршы метр болатын жаңа үйлер ауылдың биік жеріне, тұрғындардың өздері таңдаған орынға салынды. Кілттерді табыстау рәсіміне мәслихат депутаттары, Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев және осы іспен айныналысатын кәсі пөкілдері қатысты. Әрбір жаңа қоныс иесі жаңа үйдің кілттерімен қатар тұрмыстық техникаға да ие болды

«Біз алғаш рет тасқыннан кейін келгенде, көз алдымызда шарасыздықтың көрінісі тұрды: жүздеген адам баспанасыз қалды. Бүгін болса, жаңа үйлерін алған адамдардың көзіндегі қуанышты көрудеміз. Үйлеріңізде әрдайым жылулық пен бақыт болсын», – деп облыстық мәслихат депутаты Боран Избасов Құмсай ауылының тұрғындарын құттықтады.

Көктемгі су тасқындары Темір ауданы үшін ауыр сынақ болды. Шұбарқұдық, Құмсай, Еңбекші және Шитүбек ауылдарындағы 98 үйді су басты. Биліктің жедел әрекеті мен бейжай қарамаған азаматтардың көмегінің арқасында зардап шеккен отбасылар жаңа өмірге қадам басуда. Тұрғын үйлерді қалпына келтіруге 224 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, 41 үй жөнделіп, 36 отбасыға екінші нарықтан дайын баспана сатып алынды. Сонымен қатар, 63 отбасына жоғалған немесе бүлінген мүліктері үшін 26 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

«Бұл жаңа үйлер – біздің беріктігіміз бен бірлігіміздіңбейнесі. Олар қуаныш пен амандық мекені болсын», –деп ,аудан әкімі Саламат Аманбаев салтанатты рәсім жайлы пікірін қосты.

Қиын күндерді бастан өткерген Құмсай ауылының тұрғындары да шынайы алғыстарын білдірді. «27 наурыз біз үшін қаралы күн болды – су тасқыны тек үйлерімізді ғана емес, ертеңгі күнге деген сенімімізді де шайқалтты. Бірақ бүгін біз жаңа үйлеріміздің алдында тұрмыз және өмірді қайта бастауға дайынбыз. Қиын сәтте қолдау көрсеткен баршаңызға алғыс айтамыз», – деп бөлісті ауыл тұрғыны Гүлзада Жұмабекқызы.

Ақтөбе облысында тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бұған дейін облыстың басқа аудандарында 350 жаңа үйдің кілті табысталып, тағы 513 отбасы өздеріне сатып алынған үйлерге қоныстанды.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here