Жаңа аэровокзал кешенінің аумағы 16 500 шаршы метрді құрайды. Инвестор нысанды 3 жаңа телескопиялық траппен (жең) жабдықтайды.
Атырау қаласы Еуропа мен Азияның қиылысында, Жайық өзенінің бойында орналасқандықтан, ғимараттың басты фасады Шығысқа бағытталып, шығыс мәдениетінің стилінде жасалады. Бұл ортағасырлық Сарайшық қаласының мотивтерін еске салады. Перронға қарайтын фасад Батысқа бағытталып, батыстық стильде орындалады, яғни витражды терезелер мен минимализм элементтерімен безендірілетін болады. Жоғарыда жобаның эскиздерін көре аласыз.
Қазіргі уақытта әуежайдан 7 бағыт бойынша (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Орал және Тараз) аптасына 89 ішкі тұрақты рейс, сондай-ақ 6 бағыт бойынша (Кутаиси, Амстердам, Ыстамбұл, Анталия, Шарм-эль-Шейх, Мәскеу) аптасына 21 халықаралық тұрақты рейс орындалады.
Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жолаушылар ағымы жылына 800 мыңнан шамамен 2 944 мың жолаушыға дейін артады деп күтілуде. Сондай-ақ, ұшу географиясын айтарлықтай кеңейту жоспарлануда. Алдымен, Еуропа мен Азия елдерінің танымал туристік бағыттарына жаңа рейстер ашылады. Бұл жолаушыларға ұшу бағыты бойынша таңдау еркіндігін беріп, өңірлік көлік қолжетімділігін халықаралық деңгейде жақсартады.
Хиуаз Доспанова — қазақтан шыққан тұңғыш әскери ұшқыш, Ұлы Отан соғысының штурман-мергені. Ол әйелдер полкінің құрамындағы аты аңызға айналған «Түнгі мыстан» тобының белгілі ұшқышы болған. Кубань, Тамань, Новороссийск, Қырым, Беларусь, Польша аймақтарын азат етуге белсенді қатысты. Хиуаз Доспанова өзінің жауынгерлік қызметі барысында 300-ден астам әуеге көтеріліп,жауға ойсырата соққы берді. Өз полкімен бірге Германияға дейін жетті. Ерлігі мен батылдығы үшін Хиуаз Доспанова «Қызыл Жұлдыз» , «II дәрежелі Отан соғысы», «Қызыл Ту» ордендерімен, «Кавказды қорғағаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.
Home Құрылыс саласындағы инновация Атырау қаласындағы Хиуаз Доспанова атындағы әуежайдың жаңа аэровокзал кешенінің құрылысы 2026 жылы...