Оңтүстік астанада хостелдер жеткілікті және олар көбінесе тұрғын үйлерде орналасқан. Мұндай көршілестік (әсіресе, тұрақты ауысып тұратын қонақтар мен соның салдарынан пайда болатын санитарлық талаптардың сақталмауы) көбіне үй тұрғындарына ұнамайды. Қазіргі заманғы қазақстандық хостел қандай талаптар мен стандарттарға сай болуы керек екендігі туралы «Сапалы Қазақстан» порталындағы мақалада айтылған.
Hostel сөзі ағылшын тілінен аударғанда «жатақхана» дегенді білдіреді. Hostel- бірнеше адамның тұруына арналған қолжетімді баспана. Тұрғындар бөлмеде басқа қонақтармен бірге жататын төсекті жалға алып, ортақ аймақтарға — ас үй, жуыну бөлмесі, дәретхана, демалыс бөлмесі, автотұраққа қол жеткізе алады.
Хостелдер қолжетімді бағамен ортақ аумақта тұру мүмкіндігін ұсынады, мұнда әр қонаққа жататын орын беріледі. Қонақтардың қалу уақыты маңызды емес: бірнеше ай немесе бір күн. Қонақтар жеке бөлмеде немесе 3-8 адамдық бөлмеде тұра алады. Бөлмелерде бір қабатты немесе екі қабатты кереуеттер болады. Бөлмелер ерлерге немесе әйелдерге арналған.
Қазақстанда хостелдер 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚРДСМ-67 «Коммуналдық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитариялық ережелерді бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес келуі тиіс.
Адамдардың уақытша тұратын объектілерін (хостелдерді) жобалау және орналастыру жеке тұрған ғимараттарда немесе көпфункциялы ғимараттар мен көпқабатты тұрғын үйлерде, бөлек кіреберіс болған жағдайда қарастырылады.
Жертөле және жартылай жертөле қабаттарда тұрғын бөлмелер орналастыруға тыйым салынады.
Хостелде әр 15 адамға кемінде бір дәретхана, бір қол жуу орны және бір жуыну бөлмесі болуы тиіс.
Хостелде асүйлер мен тамақ қабылдау және дайындау бөлмелері орнатылып, оларды өзін-өзі қызмет көрсету үшін қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен, ас үй және дастарқан ыдыстарыменжәне тазалау құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Тұрғын бөлмелерде ауа кондиционері орнатылады. Егер кондиционер болмаса, желдету жүйесі қойылады.
Нөмірлер мен хостелдің ортақ аймақтарында күнделікті ылғалды тазалау жүргізіліп, мүмкіндігінше желдетіледі. Кілемдер шаңнан тазартылады, жұмсақ жиһаздар жуылуы керек.
Жуыну бөлмелері, дәретхана отырғыштары мен қақпақтары, су ағыту және дәретхана есіктерінің тұтқалары күн сайын дезинфекциялық сұйықтықпен өңделеді.
Тазалау құралдары белгіленіп, арнайы бөлмелерде сақталып, өз мақсатына сәйкес пайдаланылады.
Хостелдерде әр тұрғынға бір төсек жинағы мен сүлгілер беріледі.Төсек жабдықтарын уақытында ауыстыру керек.
Ғимараттарды салу және әрлеу үшін жуғыш және дезинфекциялық құралдарға төзімді материалдар қолданылуы тиіс.
Объектінің аумағы тазалықта ұсталып, жайластырылған болады. Ғимараттың кіреберісінде қоқыс жәшіктері орнатылады. Қоқыс жинау үшін қатты төсемі бар алаңда арнайы контейнер пайдаланылады. Объектілер сумен жабдықтау, ағынды суларды шығару және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Санитарлық-техникалық желілер, құрылғылар және аспаптар жақсы күйде болуы тиіс.
Барлық тұрғын және қосымша бөлмелерде табиғи және жасанды жарық болуы керек.
Пайдаланылған төсек жабдықтары мен жұмыс киімдерін прачкаларда немесе жуу және кептіру функциялары бар машиналарда жуады.
Дезинфекция және жәндіктермен күрес арнайы ұйымдармен, талаптарға сай жүргізіледі.
Тұрғындарға тамақ ішуге, тазалық сақтауға және жеке мен арнайы киімдерді бөлек сақтауға жағдай жасалады. Қызметкерлер арнайы киіммен қамтамасыз етіледі. Жұмысқа қабылданған кезде олар алдын ала және мерзімді медициналық тексерулерден өтеді.
Біздің мемлекеттік органымыздың қызметі ҚР заңнамасына сәйкес қоғамдық денсаулықты қорғау мен сақтауға бағытталған.
Мақаланы дайындаған: Алматы қаласы Ауэзов ауданындағы Техникалық регламенттердің талаптарын бақылау бөлімінің бас маманы Н.Т. Жансеркеева.