Алматының реновация бағдарламасы күзде қабылданбақ

0
21

Алматы қаласының реновация бағдарламасы қыркүйек айының соңына дейін қабылданбақшы. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде айтты. Ол 1937 жылы салынған Төле би және Абдуллиндер көшелерінің қиылысында орналасқан алты пәтерлі ескі үйдің сүрілуін сұраған тұрғын Мария Тұрсынбаеваның өтінішіне жауап берді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

— Медеу ауданының қайта құру мәселесіне келер болсақ, бұл мәселе Түрксіб және Жетісу аудандарында да өзекті. Бұған дейін заңнамалық тұрғыдан негізделмеген еді. Шілде айында Мемлекет басшысы бұл өзгерістерді қолдап, заңға қол қойды.Нәтижесінде, «реновация» ұғымы енгізілді, енді біз осы негізде жұмыс істей аламыз. Қазір Алматы қаласының орта мерзімді реновация бағдарламасы дайындалуда, біз талқылауларды аяқтап, қыркүйек айының соңына дейін қабылдауға тырысамыз. Бағдарлама аясында жұмыс істеуге қажетті құралдарымыз да болады, — деп жауап берді Ерболат Досаев.

Әкімнің айтуынша, тозығы жеткен үйлер үш санатқа бөлінеді: инвестициялық тұрғыдан тартымды, яғни инвесторлар қаражат салуға дайын үйлер; инвестициялық тұрғыдан тартымсыз, олармен қала әкімдігі айналысады; үшіншісі – инфрақұрылымды дамыту үшін сатып алынатын үйлер.

— Қала әкімі тұрғындарды көшіру қоры құрылғанын, бірақ тұрғындардың толық келісімі қажет екенін айтты.

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин бұл үйдің тұрғындарымен кездесу болғанын жеткізді.

— Үйдің жартысы қызыл аймақта орналасқан, яғни инвесторлар үшін қызықты емес. Капиталды құрылыс компаниясы тұрғын үй қорынан пәтерлер ұсынса да, көршілер бұл ұсыныстан бас тартты.

Аудан тұрғыны ақытша шара ретінде үйге жөндеу жұмысын жүргізуді сұрады. Қала басшысы аудан әкіміне «Халықтың қатысу бюджеті» бағдарламасы бойынша үйдің сыртқы жөндеу жұмыстарын қарастыруды тапсырды.

Бұған дейін Алматыдағы 54 ескі үйдің тұрғындарынажылдың соңына дейін жаңа баспана берілетіні хабарланған болатын.

Автор

Еламан Турысбеков

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here