Алматы әуежайындағы тұрақ бағасы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгереді

0
4

Алматы халықаралық әуежайы тұрақ қызметтерінің сапасын арттыру және шығындарды өтеу мақсатымен 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрақ үшін жаңа тарифтер енгізілетінін хабарлады.

Әуежай әкімшілігі тұрақ жүйесін жаңартып, жақсарту жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Соның ішінде жаңа кіреберіске пандус салу, тұрақ орындарын кеңейту және көлік нөмірлерін автоматты түрде танитын заманауи жүйелерді енгізу қолға алынған. Бұл өзгерістер клиенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа тарифтер бойынша:

Вокзал алаңы мен жабық тұрақта, сондай-ақ оңтүстік тұрақта 15 минутқа дейін тегін.Бірінші сағат – 600 теңге (жабық тұрақта – 350 теңге).

Бір сағаттан екі сағатқа дейін – 850 теңге (жабық тұрақта – 500 теңге).Екі сағаттан төрт сағатқа дейін – 1200 теңге (жабық тұрақта – 700 теңге). Әрі қарай әр сағат үшін баға өседі.

Закарпатская көшесіндегі АВК ғимаратындағы тұрақ үшін тарифтер: 0-ден 6 сағатқа дейін – 600 теңге. 6-дан 12 сағатқа дейін – 1200 теңге. 12-ден 24 сағатқа дейін – 1800 теңге. Әр қосымша толық және толық емес тәулік үшін – 2400 теңге.

Сондай-ақ, тұраққа рұқсатсыз кіру үшін айыппұл – 40 000 теңге, шлагбаумды зақымдағаны үшін айыппұл – 50 000 теңге.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here