Жаңа әуежай Сәтбай ауылында салынбақ, ол Зайсаннан 28 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды YK-news.kz.
— Жаңа әуежайдың құрылысы аймақтағы туризмді дамытуда маңызды қадам болмақ, — дейді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Нұрғайни Кабидолдина. — Жоба аясында тек әуежай ғана емес, заманауи инфрақұрылым, жаңа жолдар, логистикалық қоймалар және көлік қатынасы жақсаратын басқа да нысандар салынады.

Сонымен қатар, әкім орынбасары аудан аумағында бірқатар ірі республикалық жобалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті, оның бірі – Омск – Майқапшағай автожолының реконструкциясы.