Алматыда «Сергек» камералары 3 миллионнан астам құқықбұзушылықты тіркеді

0
11

Алматы қаласында соңғы үш жылда «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендерінің (АПК) жұмысы жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) санын едәуір азайтып, өлім-жітім деңгейін төмендетті. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жанәбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, мегаполисте 1641 «Сергек» кешені жұмыс істеп тұр, бұл – 9152 бейнебақылау камерасы. Нәтижесінде 2021 жылдан 2024 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта жолдағы өлім-жітім 40%-ға, ЖКО саны 17%-ға, жарақат алғандар саны 30%-ға төмендеген.

Сонымен қатар, жобаны іске қосқаннан бері қалалық бюджетке 44,08 млрд теңге түскен. Биылғы жылдың 9 айында Алматыда 3 млн-нан астам құқықбұзушылық тіркеліп, 18,6 млрд теңгеден астам айыппұл өндірілген.

Бұл көрсеткіштер Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруда «Сергек» жобасының тиімділігін дәлелдеп отыр.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here