Қазақстанда мопедтерге қатысты жаңа ережелер

0
17

Қазақстанда жол қозғалысы ережелеріне маңызды өзгерістер енгізілді. 2024 жылдың 3 қазанында Қазақстанда мопедтерге қатысты жаңа талаптар бекітілді. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру, апаттардың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау.

Енді мопед басқару үшін жүргізушілер А1 санаты бойынша жүргізуші куәлігін алуға міндетті. Бұрын мопедтерді басқару үшін арнайы куәлік талап етілмеген еді, алайда, осы өзгерістерден кейін мопедтерге қатысты талаптар күшейтілді. Жаңа ережелердің енгізілуі екі кезеңде жүзеге асады:

  • 4 желтоқсан 2024 жылдан бастап, барлық негізгі өзгерістер күшіне енеді.
  • Ал 4 сәуір 2025 жылдан бастап мопедтерге қатысты толықтырулар іске қосылады

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін тағы бір маңызды өзгеріс – жылдамдықты бақылауды күшейту. Енді халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардағы учаскелерде орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі. Бұл дегеніміз, егер жүргізуші белгілі бір учаскеде екі камера арасында жылдамдықты арттырып өтсе, оған айыппұл салынатын болады. Айыппұл мөлшері 5-40 АЕК аралығында , ал жылдамдықты 60 км/сағ артық асырып жүргендерге ең жоғары айыппұл салынады.

Сонымен қатар, ішімдік ішіп көлік жүргізген азаматтарға қатысты жаңа талаптар енгізілді. Егер жүргізуші ішімдік ішіп, көлік басқарған жағдайда және ол жүргізуші куәлігін алмаған болса, ол келесі жеті жылда емтихан тапсыра алмайды. Ал, медициналық тексеруден өтуден бас тартқандарға да осындай шектеулер қойылады.

Бұл өзгерістердің барлығы жолдағы қауіпсіздікті арттыруға және көлік жүргізушілерінің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Жаңа талаптар жол апаттарының алдын алып, азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауға көмектеседі. Мопед жүргізушілері үшін де жауапкершілік деңгейі артқандықтан, олар қазірден бастап қажетті құжаттарды рәсімдеп, заңға сәйкес көлік басқаруы керек.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here