Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі

0
4

Алматының ең танымал жаяу жүргіншілер көшесі соңғы уақытта қала тұрғындарына қолайсыздық тудыра бастады. Мұның себебі – ұзаққа созылған жөндеу жұмыстары. Қала тұрғындары жұмыстардың ұзаққа созылуына наразы болып, Панфилов көшесінің қашан толық жөнделіп, пайдалануға берілетінін сұрауда.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі осыған қатысты мәлімдеме жасап, оңтүстік астанада Панфилов көшесінің Кабанбай батыр мен Жібек жолы арасындағы бөлігінде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі

Жоба бойынша көше жолы толық жаңартылып, көпжылдық бұталар отырғызу арқылы жасыл аймақ кеңейтіледі. Сондай-ақ, шағын сәулет нысандары қайта жөнделіп, жаңартылады.

Бұдан бөлек, Жібек Жолы көшесінде жаңа модульдік полиция бекетінің құрылысын жүргізу көзделіп отыр. Бұл өзгерістер қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін қолға алынған. Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, абаттандыру жұмыстары қаланың көркін арттырып, қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.

Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі

Алматы тұрғындары Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылғанына алаңдаулы. Қаладағы суық ауа-райының салдарынан жұмыстардың уақытында аяқталмауы мүмкін деген қауіп бар. Бұл туралы әлеуметтік желілерде жиі талқылануда.

Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі

29 қыркүйек күні қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында оған Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары туралы сұрақтар қойылды. Әкімнің айтуынша, бұл жұмыстарды атқаратын мердігер компания анықталған, ал Панфилов көшесінің Кабанбай батыр көшесінен Жібек жолына дейінгі бөлігін жөндеу жұмыстары қараша айының соңына дейін аяқталуы тиіс еді.

Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі

Сонымен қатар, тас плитка төселген жолдың жаяу жүргіншілер үшін ыңғайсыз екендігі көтерілді. Кездесуге қатысқан тұрғындардың бірі сапасыз төселген тас плитканы асфальтпен алмастыруды ұсынды.

Ерболат Досаев қала тұрғынының пікірін қолдай отырып, «Шынымен де, ұсақ плитканы дұрыс төсеуді білмейміз. Осы себеппен де мен бұл құрылыс материалын қолдануға тыйым салдым. Абай даңғылында алғаш рет үлкен плитка төселді, ол жақсы орнады және қыс кезінде бүлініп қалмайды. Оның үлкендігі жұмыс жасауға ыңғайлы, ал ұсақ плитка қыс кезінде үгітіліп кету қаупі бар», — деді ол. Сонымен қатар, Досаев жаяу жүргіншілер жолына қатысты арнайы ұсыныстар енгізуді жоспарлап отыр.

Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі

Алматы қаласының қаржы басқармасының басшысы Қанат Сұхамбековтің айтуынша, Панфилов көшесінің жаяу жүргіншілер аймағын жөндеуге 576,3 миллион теңге жұмсалады.

Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі
Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі

Қазіргі таңда көше бойында плитка ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Әсіресе, Абай атындағы опера және балет театры маңындағы плиткалар жақсы орнатылған, көлемі үлкен әрі тегіс. Бірақ кейбір жерлерде плиткалардың дұрыс төселмегені байқалады.

Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі
Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі
Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі

Панфилов көшесі әлі күнге дейін жаяу жүргіншілер үшін ыңғайлы емес. Жұмыс барысындағы кейбір кемшіліктер, әсіресе жаяу жүргіншілердің қолайсыздығына себеп болып жатқандығы байқалады.

Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі
Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі
Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі
Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі
Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі
Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі

Мысалы, кейбір жерлерде плиткалардың қисайып кетуінен жаяу жүргіншілерге жүру қиындық туғызады. Сонымен қатар, құрылыс материалдары мен плитка кесінділерінен жол бойында шаң мен қалдықтар жинақталған.

Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі
Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі

Жөндеу барысында ескі құдық қақпалары ауыстырылуда, алайда олардың көпшілігі әлі де жақсы күйінде.

Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі
Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі

Сонымен қатар, Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова атындағы саябақ алдындағы құбырлар мен коммуникациялар да ауыстырылуда.

Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі
Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі

Онымен қоса, спорттық дәне ойын алаңдары да жаңартылуда.

Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі

Абаттандыру жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Қыс мезгіліне дайындық жүргізіліп,, көшенің көркін жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылуда.

Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі

Автокөлік тұрағы мен жолдарда асфальт жаңартылып жатқанымен, оның сапасы әр жерде бірдей емес. Кейбір учаскелерде құрылыс материалдарын нашар сапада төселгені байқалады. Жөндеу жұмыстары уақтылы аяқталуы тиіс, алайда оның сапасы жақсарады деген үміт бар.

Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі

Алматы қаласындағы Жібек Жолы көшесінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары мен жол төсемінің сапасы қала тұрғындары арасында талқыланып жатыр. Құрылысшылар, әсіресе, айналма жолда асфальт төсеу кезінде сапа мәселесіне мән бермеген. Көлік қозғалысына арналған аумақта асфальттың сапасы төмен екені байқалады, бұл әсіресе Жібек Жолы үстіндегі айналма жолда айқын көрініс табады.

Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі

Жөндеу жұмыстарының барысы, қала тұрғындарының пікірінше, асығыс жүргізілген. Бұл өз кезегінде жұмыстардың сапасына теріс әсер етуі мүмкін. Жолдың кейбір бөліктерінде асфальт дұрыс төселмеген, нәтижесінде ақаулар пайда болуда. Жөндеу жұмыстарының толық аяқталуы күтілуде, бірақ сапа мәселесі тұрғындарды алаңдатуда.

Панфилов көшесіндегі жөндеу жұмыстары: құрылыс материалдарының тиімділігі

Қыстың алдында жөндеу жұмыстары аяқталып, көктемде қар еріген соң, жолдардың жағдайы белгілі болады. Тек сол кезде ғана жөндеу сапасының деңгейі толық бағаланып, алдағы уақытқа жоспарланған жөндеулерге қатысты шешімдер қабылдануы мүмкін.

Мақала авторы: Юлия Павловская

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here