Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Әуезов ауданының аула аймағын «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүргізілген абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Қалада аула аумақтарын қайта жаңарту жұмыстары қолайлы және қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатымен Президенттің тапсырмасы бойынша жүргізілуде. Әуезов ауданында 966 аула бар, оның 500-і ағымдағы және капиталды жөндеуді қажет етеді. Өткен жылы аудан бойынша 174 аула жөнделген болса, биыл 23 аулаға толықтай жөндеу жұмысы жүргізіліп, тағы 137 аула бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Сонымен қатар, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша аулаларды абаттандыру жұмыстары да жүргізілуде. Биыл Әуезов ауданында 41 аула, оның ішінде №2 шағын ауданындағы №41 және №42 үйлер арасындағы аула да бар, абаттандырылатын 57 жоба жүзеге асырылады.
Аула аймағы НИИ «АлматыБасЖоспар» әзірлеген әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес толықтай жөндеу жүргізілді. Бұл нұсқаулықта әр аулаға жеке көзқарас пен стандарттар көрсетілген. Мұнда балаларға арналаған ойын алаңдары мен спорттық алаңдар, 19 көшелік жарық бағаны, 12 бейнебақылау камерасы, 390 шаршы метр аумақты қамтитын футбол алаңы, 300 метр жіптесін және 50 ағаш отырғызылды. Сондай-ақ, 3 мың шаршы метр аумаққа автоматты суару жүйесі орнатылып, 400 метр жаяу жүргіншілер жолы салыныпты.
«Жаңа ауламыз өте ұнайды – мұнда аналармен балалар еш қиналмай серуендей алады, тіпті басқа аулалардан да тұрғындар келіп, уақыттарын қызықты өткізеді. Бұрынғы жағдай мен қазіргі жағдайдың айырмашылығы – өте үлкен, тіпті Европа келіп қалғандай! Біз аула абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысып, ауланы ыңғайлы ету үшін ұсыныстар да айттық. Біздің тілектерімізді ескергендеріне рахмет!», – дейді қала тұрғындары.
Қала басшысы Ерболат Досаев Әуезов ауданында халық тығыздығы жоғары және көпқабатты үйлер саны көп болғандықтан, аулаларды абаттандыру мен жаңғырту жұмыстарының басты міндет екенін атап өтті. Ерболат Досаевтың айтуынша, абаттандыру жұмыстарында жаңа стандарттар ескеріліп, қауіпсіздік пен сапа талаптарына сай бейнебақылау жүйесі, жарықтандыру және автоматты суару жүйесі орнатылып, тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.