Ақтөбе облысында жаңа мектеп салынды

0
80

Республика күніне орай Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы Талдысай ауылында 100 оқушыға арналған жаңа мектеп өз жұмысын бастады.

Ақтөбе облысының әкімдігі хабарлағандай, Талдысай ауылындағы жалпы білім беретін орта мектепте 24 мұғалім жұмыс істеп, 79 оқушы білім алады. Жаңа ғимаратта жоғары сынып оқушыларына заманауи техникалық құралдармен жабдықталған 10 арнайы пән кабинеті қарастырылған.Үш интерактивті тақта мен 30 компьютер орнатылған. Зертханалар да толықтай жабдықталған.

Сондай-ақ, мектептің ішінде кең және жайлы спорт залы мен асхана бар.

Мектеп аумағында ойындарға арналған екі спорт алаңы мен балалар ойын алаңы салынды, бұл оқушылардың физикалық дамуын және белсенді өмір салтын қолдауға ықпал етеді.

Ермек Сериков

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here