Қазақстанда АЭС қашан салынады?

0
18

Қазақстанда атом электр станциясы 2035 жылға дейін салыну жоспарланды. Бұл туралы LS-ке «Қазақстандық атом электр станциялары» хабарлады.

Компания тізімге төрт өндірушінің реакторлары енгізілгенін еске салды: қытайлық CNNC (HRP1000), оңтүстік кореялық KHNP (ARP1400 және ARP1000), француздық EDF (ERP1200) және ресейлік «Росатом» (ВВЭР-1200).

Егер бұған дейін аталған ұйымдардың біреуі жабдықтаушы ретінде таңдау болжанса, қазір консорциум құру мүмкіндігі қарастырылуда.

Олардың бірігу мәселесі әрбір қатысушымен жеке келіссөздерді қажет етеді. Алдағы уақытта келіссөздер жүргізу жоспарда бар.

Жабдықтаушы мемлекеттік органдар мен компаниялардың мүдделі тараптарының қатысуымен сарапшылық деңгейде анықталады. КАЭС-тің күтуінше, бұл 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында орындалмақ. Одан кейін жобалау кезеңі басталады.

«Құрылысқа кері әсер ететін факторлар орын алмаса, аталмыш құрылыс 2035 жылға дейін аяқталады », – деп түсіндірді КАЭС.

Алдын ала есептеулер бойынша, екі бөлімнің құны шамамен 10-15 миллиард долларды құрайды. Жобаның қаржы-экономикалық моделін әзірлеуден кейін нақты есептеулер жүргізіледі.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here