«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Алматы тұрғындарынан 6 118 өтініш қабылданды.
Өтініштер әр ауданның әкімдігі жанындағы сарапшылармен, мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен талданды. Сарапшылар өтініштердің талаптарға сай екенін, эскиз бен сметаның бар-жоғын тексерді. Нәтижесінде, өтініштер келесі үш түрге бөлінді: «Дауыс беруге жіберілді», «Қайта өңдеуге жіберілді» немесе «Қабылданбады». Барлық талаптарға сай өтініштер мақұлданып, дауыс беруге жіберіледі.
Қайта өңдеуге жіберілген өтініш авторлары 10-14 қазан аралығында жобаларын түзетіп, қайтадан жібере алады. Өтініштерді қайта өңдеу туралы хабарлама авторларға электрондық пошталарына жіберілді.
Дауыс беруге жіберілген жобалар «Жобалар» бөлімінде жарияланады. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы туралы ақпаратты аудан әкімдіктерінен немесе Алматы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауынан 224-39-29 (ішкі 203) телефоны арқылы алуға болады.