Қазақстанда 24 сүт-тауар фермасының құрылысы аяқталу кезеңінде. Бұл туралы ҚР Үкіметі хабарлады.
Кабминнің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысындағы сүт-тауар фермаларын салуда жеңілдетілген кредиттеу тәжірибесін кеңейту, яғни «Ірі жоба» 2023 жылы басталды.
Жоба аясында бірінші транш ретінде 100 миллиард теңге бөлініп, осы қаржы есебінен 2024 жылға дейін 65 сүт-тауар фермасы салынужоспарланды.Ең көп жаңа кәсіпорындар Солтүстік Қазақстан облысында — 17 жобада бой көтермек.
Алматы облысында 12, Ақмола облысында 7, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында 6 жоба, Қостанай облысында 5, Батыс Қазақстан облысында 4, Жетісу облысында 3, Түркістан және Абай облыстарында 2 жоба, Ақтөбе облысында 1 жоба жүзеге асырылуда.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, 2023 жылға арналған 100 миллиард теңге көлеміндегі жалпы транштан 94,4%-ы игерілді.
Қазірдің өзінде 20 сүт-тауар фермасы салынды, 24 жоба бойынша жұмыстар аяқталуға жақын.
Арнайы жобалар Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында толығымен іске асырылды. Павлодар, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жұмыстар аяқталу кезеңінде.
21 жоба бойынша іске қосу мерзімдерінің кешігу ықтималы бар. Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында қаржы игеру көрсеткіші төмен: 86% және 71,7%. Мысалы, Алматы облысында 12 сүт-тауар фермасын салу үшін 15 миллиард теңге бөлінді, бірақ алты жобаның мерзімінің кешігу қаупі бар. Шығыс Қазақстанда 2023 жылы қаржыландырылған алты жобаның біреуі әлі іске асырылмаған.
Ермек Сериков