2024 жылы 5 қазанда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Орман шаруашылығы қызметкерлер күні» мерекесіне орай, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері мен ЮНИСЕФ-тің эко-белсенділері ағаш отырғызу шарасын өткізді. Бұл шара Елбасының экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға арналған.
«Хан Шатыр» сауда үйінің аумағында 100 ағаш (емен, шетен, үйеңкі) отырғызылды, ал Ботаникалық бақта 500 ағаш (алма ағашы, мойыл, ырғай, қызыл талдары) егілді. Акцияға 300-ден астам адам қатысып, белсенділік танытты.
Барлық қатысушыларға еліміздің астанасын көгалдандыруға үлес қосқандарға алғыс айтамыз! Бірлесіп экологияны жақсарту және әдемі қалалық орта құру жолында маңызды қадам жасадық.