Біз Алматының жеті ауданын аралап, үздік аула мен бақшалар байқауының жеңімпаздары туралы айтып өттік. Енді соңғы, ең шалғай аудан — Наурызбай ауданындамыз. Бұл — қала шетінде орналасқан ең жас аудан . Мұнда көпқабатты үйлер жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай өсе береді. Жаңа үйлер, жаңа аулалар. Жаңа құрылыс нысандарын ұзақ жылдар бойы күтім жасаған аулалармен салыстырмауды өтінеміз. Олардың болашағы жарқын, ал бірнеше жылдан кейін біз мұнда сәнді гүлзарлар мен биік ағаштарды көреміз деп үміттенеміз.
Шетке жол тартқанда, бізді қаншалықты қиындықтар күтетінін ойламаған едік. Біріншіден, қоғамдық көлікте жету үлкен мәселе болды. Екі ауысыммен: автобустың, метрополитеннің (бастапқы бекеттен бастап келесі бекетке дейін) және қайтадан автобуспен бару керек болды.
Екіншіден, осы аудан тұрғындарын аулалары мен бақшаларының жетістіктері мен мәселелері туралы аздаған ақпарат беруге көндіру өте қиынға соқты.
Үшіншіден, белгісіз себептермен сұхбат берушілердің ешқайсысы өз суреттерін жариялауға келісім бермеді. Сондықтан, бұл мақалада кейіпкерлердің бейнесін көре алмайсыздар
Уақыттың көп бөлігін жолда өткізгеннен кейін (тұрғындар күн сайын қалай жұмысқа барады екен?) Alma City 5/2-нің алдында тұрамыз.
Міне, «жеңімпаз» атанған аула. Бірінші көзқарас бойынша, ерекше ештеңе жоқ сияқты.
Алайда, қателесіз. Себебі үйлер жақында ғана тапсырылып, жұмыстар енді басталуда. Ең бастысы, аула таза әрі күтімді.
Ауланың ішінде талшындар, мән ағаштары мен шырша секілді әртүрлі ағаштар өсіп тұр.Ауланың шекарасында теректер отырғызылған, олардың көпшілігі тамыр жайып үлгерді — демек, оларды суарады.
ПИК-ті (КСК) іздеп, басқарушы компанияның қызметкерімен мән-жайды талқылауға тырысамыз. Бірақ ПИК-ті табу ұзаққа созылды. Жастардың көпшілігі «қайда орналасқанын» айтпастан бұрын,тіпті оның не екенін де білмейді. Ал үлкендер болса, «сары үйге дейін жолмен барыңыз, сосын сұрасаңыз-жауап берер- деп, мекен-жайды шамалап айта алады.
Ақырында, мектептің жанында сөйлесіп тұрған ер адамдар Пик-тің нақты орналасқан жерін көрсете алды. Оларға көп рақмет, себебі мектеп пен ПИК ұзақ арақашықта орналасқандықтан,олардың көмегінсіз жолды табу қиын болар еді.
Түсініксіз себептермен ПИК қызметкерлері біраз уақыт бойы жеңімпаз ауланы сипаттауды бір-біріне жүктеуге тырысты. Алайда, «Com service» компаниясының өкілі Махабат деген тәжірибелі маман табылып, жаңадан салынған үйлер мен олардың аулаларының мәселелеріне қатысты ақпарат беруге дайын болды.
Махабаттың айтуынша, бәрі оңай емес. Үйлер 2022 жылы пайдалануға берілген.
Махабат: «Құрылысшының аумақты абаттандыру жоспары бар. Ол аулаға ағаштар отырғызып,көгалдандыру жұмыстарын атқару керек. Үйлер тапсырылғаннан кейін, көгалдарға екі жыл бойы құрылысшы күтім жасап, жауап береді. Сондықтан әлі үкіметтен ағаштар отырғызылған жоқ.
Құрылысшының кепілдігі аяқталғаннан кейін, біздің басқарушы компания үкіметке өтеді. Үкімет ағаштарды отырғызады, суарады. Ал көгалдандыру жұмысы бастапқыда құрылысшы тарапынан атқарылуы тиіс. Олар газонды, каштан, катальпа, емен, қайың, терек, шетен және бұталарды дұрыс отырғызды.Біз тек келесі жылы күтім жасауға кірісеміз».
Корр: Байқауға қатысуға кім өтінім берді?
Махабат: Мүмкін, әкімдік берген шығар. Олардың өкілдері келіп, аулаларымызды суретке түсірді.
Корр: Ыстыққа қарамастан, құрғаған ағаштар байқалмайды. Суды кім суарады?
Махабат: Құрғаған ағаштар болған, бірақ біз оларды алып тастадық. Қыркүйекте олардың орнына ағаштар қайта отырғызылуы керек. Биыл өте ыстық болды, 42 градус және одан жоғары температураға дейін ысыды. Жапырақтар біраз сарғайды, бірақ негізінен барлық көшеттер тамырын жайып, жайқалды. Суды әкімдік тендерді ұтып алғандар суарады. Олар ауланың алдына гүлзарларды, ағаштарды, балалар алаңының жанындағы ағаштарды суарады. «Алматы су»-мен келісімшарттары бар, және әр аулада жертөледен суару жүйесі жүргізілген. Олар газондарды да қырқып тұрады. Бұл – аула ішіндегі жұмыстар.
Аула сыртындағы жасыл желектерді, яғни жол бойындағы ағаштарды әкімдікке қарасты басқа компаниялар суарады. Олар да тендер ұтып алған. Техникалық суды бөшкелермен әкеліп, суарады. Аулаға кірмейді. Олар ауладан тыс жердегі шөптер мен бұталарды қырқып тұрады.
Корр: Абаттандыру бойынша қандай қиындықтар бар?
Махабат: Абаттандыруда қиындықтар жетлікер. Қаланың бұл бөлігінде жер нашар. Тастар өте көп. Дегенмен, тек тас, құм мен саз ғана. Ағаш отырғызу үшін шұңқыр қазу мүмкін емес. Тастарды алып тастауға тура келеді. Біздің компанияның директоры «Ком сервис» бірнеше ағаш сатып алуға өзі ақша төледі. Біз шыршалар отырғыздық. Кейбіреулері тамыр жайды, ал бірнешеуі тастардың арасынан тамыр ала алмай, қурап қалды.
Корр: Тұрғындардың көгалдандыруға көзқарасы қандай?
Махабат: Әр түрлі. Көпшілігіне ұнайды, гүлдер мен гүлзарлардың болғанын қалайды. Бірақ бұтақтарды сындыру жағдайлары да болады. Көбінесе балалар сындырады. Ата-аналар әрқашан оларды бақылап жүрмейді.
Корр: Жаңа тұрғындарға не тілейсіз?
Махабат: Өз үйіне, ауласына, айналасындағының бәріне өзінің меншігіндей қараса екен деймін.
Қызмет көрсету компания өкілдеріне сәттілік тілеп, ең әдемі аула іздеуге аттандық. Бақытымызға орай, жол айтарлықтай алыс емес.Ауа баптағышсыз, адам толы автобуспен бірнеше аялдампны артқа қалдырып, Alem City-ге жеттік. Бұл да жаңа аудандардың бірі. Жолдың жанында техника дүрсілдеп, құрылыс қайнап жатыр.
Міне, Шұғыла 340/3 к 12 шағын ауданы. Әзірге әдемі ауланы табу мүмкін еместей— бәрі таза әрі ұқыпты, бірақ шамамен бірдей. Мүмкін, деректер қате берілген шығар. Тұрғындардың ПИК-тің қайда орналасқанын жақсы білетіні таң қалдырды. Сол жаққа жол тарттық.
Бізді басқарушы компанияның атқарушы директоры Жанна қарсы алды. Ол біздің сұрақтарымызға жауап беретін адам екен. Бірақ бірден суретке түсірмеуді өтінді.
Жанна: Менің жұмысым — барлығын ұйымдастыру. Мен онсыз да барлығын жұмысқа жұмылдырамын. Енді оларға менің суретіме қарап жүру қажеті жоқ (күлді).
Корр: Әр ауданның өз ерекшеліктері бар. Сіздер жұмыс барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыздар?
Жанна: Мұнда барлық жұмыс қиынға соқпақ. Үйлер жаңа, 2022-2023 жылдары пайдалануға берілген. Мың бір жүз пәтер бар. Адамдар әртүрлі. Бірі бір нәрсе істеуге тырысса, ал енді біреуі сол жерді бүлдіреді. Біреулер газон отырғызса, басқалары оны таптап тастайды. Көгалдандырумен де қиындықтар бар.
Біз көптеген жұмыс атқардық. Қураған ағаштарды алып тастап, орнына жаңа көшеттерді отырғыздық. Біз «коммерцияны» (дүкен, салон сияқты ғимараттарды жалға алушыларды) іргелес аумақты абаттандырумен айналысуға мәжбүрлейміз. Заң бойынша, бұл олардың міндеті. Бірақ барлығы бірдей орындай бермейді. Біреулер әкімдік ескерту жасап, айыппұл салмайынша істемейді. Ал кейбіреулеріжауапкершілікті қолға алып, аумақты өздері абаттандырып, ағаштар мен гүлдер отырғызады. Мысалы, сол аулада «коммерция» екі әдемі қарағай отырғызды.
Корр: Жақын болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?
Жанна: Біз жабық аулалар жасағымыз келеді, шырмауық өсімдіктерін отырғызып, аумақты барынша көгалдандыруды көздеп отырмыз. Бірақ тұрғындар қарапайым жарық пен коммуналдық қызметтер үшін төлем жасамайды. Мердігерлер да өз міндеттерін толық орындамады. Саяжол жасап, гүлдер отырғызуды жоспарлап отырмыз.
Сіздер бұл жерден қанша қоқыс шығарғанымызды елестете де алмайсыздар! Қазір менің басты мақсатым —тұрғын үй кешенінің ең жасыл және гүлденген кешенге айналуы. Қасбет бойынша да жағдайды ретке келтіргім келеді. Менің ойымша, бұл кешен біздің аудандағы ең жақсы кешендердің бірі бола алады. Бірақ қиындықтар да көп. Құрылысшылардың кемшіліктері бар. Ал тұрғындарға келсек, біреулер бір нәрсе жасағысы келсе, басқалары солардың еңбегін еш етеді. Ал үшіншілері тек шағымданып, ешнәрсе жасамайды.
Корр: Тұрғындар көгалдандыруға қалай қарайды? Гүлдер мен ағаштарды өздері отырғызып, көмектескісі келетін белсенділер бар ма? Жанна: Егер тұрғындарыңызбен жолыңыз болса, өздері ағаштар мен бұталарды суарып, күтіп-баптау бойынша жұмыстарыністеп бастайды. Тіпті кейде әкімдік мердігерлері үлгермей жатса, газонды өздері шабатындар да бар. Бастысы — айнала жасыл-желекке толы болу керек. Жақсы адамдар бар. Олартуралы көп айтып, көңіл бөлу қажет.
Бізде бірінші қабатта тұратын бір ақсақал бар, оны «Болат-аға» деп атаймыз. Ол осындай аулаларды өзібайқап, абаттандырды. Өте белсенді адам, немерелеріне де қарайды, гүлдерге де күтім жасайды, ешкімнің өсімдіктерді сындыруына жол бермейді.
Ол гүлдерді бақау өткеннен кейін отырғызды, бірақ қашан отырғызғаны маңызды жағдай емес. Бастысы — өз қалауымен отырғызды. Осындай белсенділер көп болса екен.
Өкінішке қарай, біз Болат ағаны кездестіре де,хабарласа да алмадық. Сондықтан оның суреті жоқ. Бірақ бізде әдемі, түрлі-түсті гүлдермен толтырылған ауланың суреті бар.
Болат-аға тұратын пәтер терезесінің дәл алдында ағаштар — каштан мен катальпа өсіп тұр. Ал үйдің шетіне тек қарапайым ағаштар ғана емес, өрік пен алма секілді жеміс ағаштары да отырғызылған.
Жанна олардың қаншалықты қиындық көріп жүргенін де айтты.
Жанна: Біз «қаһармандық күш-жігеріміз» үшін алғыс хат алдық деп айтуға болады (күледі). Жанна: Балалар алаңын көріп тұрсыз ба? Біз оны жөндеп үлгермейміз. Балалар бәрін сындырып, жұлып, бұрап, жұлып тастайды
Бұл жердегі балалардың гүлдерді жұлмауы үлкен жетістік. Болат-ағаға дейін мен осы аулада гүлдер отырғызғанмын, бірақ сол күні-ақ бәрін жұлып тастаған!
Бізде тағы бір ерекше адам бар, ол туралы да айтқым келеді. Ол өзінің жары екеуі кіреберіс маңына көп ағаштар мен бұталарды отырғызып, өздері күтіп-баптайды. Біз Ерлан Аралбаев туралы айтып отымыз.
Өкінішке қарай, келгенімізде кейіпкеріміз үйде болмады. Бірақ екі күннен кейін біз Ерлан Аралбаевпен телефон арқылы байланысып, бірнеше сұраққа жауап беруін сұрадық.
Корр : Барлығы қалай басталды?
Ерлан Аралбаев: Біз ауламыздың қаншалықты нашар көрінетінін байқадық. Мұнда топырақ өте нашар, тас көп, бәрі ретсіз төселген, арамшөптер өскен. Біз бесінші қабатта тұрамыз, бәрі жоғарыдан жақсы көрінеді. Өткен жылдың маусымында көшіп келдік.Пәтер жаңа ғана жөндеуден өткен еді. Аулада жасыл желек жоқ деп құрылысшыларды кінәлауға болмайды. Олар қайыңдар мен тағы басқа ағаштар отырғызды. Бірақ біз көшіп келгенде, ағаштардың жағдайы мүшкіл еді, жеткілікті суармағаннан көбісі қурап қалған. Ағаштарға ешкім күтім жасамады
Корр: Сіз жұбайыңызбен ауланың аумағын көгалдандырумен айналысасыз ба?
Ерлан Аралбаев: Иә, көгалдандыру кезінде жұбайым маңызды рөл атқарды. Ол ауланы қалай жақсарту туралы идеялар ұсынып отырды.
Корр: Жаңа үйлерде тұратындардың көпшілігі ауланың сапасына шағымданады. Сіздер бұл мәселені қалай шештіңіздер?
Ерлан Аралбаев: Мен Жаннаға жақсы жер керек екенін айттым, себебі ондай тастарда ештеңе өспейді. Біз өсімдіктерді отырғызуды жоспарлаған жерді қоқыс пен тастардан тазарттық. Бізге қара топырақ болмаса да тастарсыз,тұруға боларлық жер берді. Жерді тегістеуге трактор болды. ПИК-те тұқымдар болды және біз оларды газон отырғызу үшін алдық. Әрине, біз барлық көршілермен бірлесіп дұмыс істеуді жоспарладық. Барлығының көгалдандыруға қатысқанын қаладым. Біздің одақтан бірнеше отбасы келіп, шұңқыр қазып, ағаш отырғызуға көмектесті.
Корр: Сондай-ақ, бірнеше қарақат бұталары бар екен. Юкка жақсы өсті. Көптеген жеміс ағаштары отырғызылған. Көшеттерді кім сатып алды?
Ерлан Аралбаев: Көшеттерді өзіміз сатып алуға тура келді. Біз өңірімізде жақсы өсетіндерін таңдадық:бөртегүл, алмұрт, алма, талшын,сән ағашы. Барлығының жақсы өсіп кетуін қамтамасыз етуге тырыстық. Бірақ жер қатты болғандықтан, жиі суарып, күтім жасау керек болды.
Корр: Ауланы кім суарады?
Ерлан Аралбаев: Бастапқыда мен таңертең және кешке өзім суарып жүрдім. Алдымен 5-ші қабаттан суардым, жеделсатымен су тасымалдадым. Кейін біздің үйден 15-20 адам біздің бастамамызды қолдап, ақша жинап, су бөлмесінен суару үшін бізге күрек, су бұрқағын сатып алып берді.
Корр: Көршілеріңіз сізге көмектеседі ме?
Ерлан Аралбаев: Иә, көршілерім көмектеседі. Бірнеше адам бізбен ағаш отырғызуға қатысып, суару жұмыстарына да көмектесті. Кейбіреулері демалыс күндері уақыт тауып, газондарды суарады, ал басқалары ағаштарды түптеу жұмыстарын істейді. Бұл ортақ іс болғандықтан, біз бірге әрекет етеміз. Әрине, кейбір көршілер белсенді болмаса да, жалпы көпшілігі қолдау көрсетеді.
Корр: Сіздің жоспарларыңызда арі қарай көгалдандыру жұмысын жүргізу бар ма?
Ерлан Аралбаев: Менде тағы шырша отырғызу жоспары бар. Бірақ біздің жеріміз нашар, шыршаны отырғызу үшін барлық нұсқауларды сақтау керек, қалай күту керектігін білу қажет. Мен шырша ағаштарына бағытталған мамандармен сөйлескен едім.Қылқан жапырақты өсімдіктер үшін арнайы тыңайтқыштар қолдану керек. Жай отырғызғым келмейді: шыршалар қымбат, олар өлсе, өкінішті болар еді.
Ерлан мен оның жұбайына алғысымызды білдіріп, оларға сәттілік тілейміз. Бірнеше жылдан кейін олардың ауласында, бақ жақалып өседі деп үміттенеміз.
Ауламен жүріп өттік. Иә, аула жаңа, бірақ жинақы көрінеді. Анасы балаларымен, қарт адамдар немесе жасөспірімдер отырған көптеген орындықтар бар. Көптеген жас ағаштар бар және оларға күтім жасалып жатқанын көріп отырмыз.
Жанна: Мұнда біз тұрғындармен бірге жеміс ағаштарын отырғыздық. Енді суаруды жүргіземіз, олар тамыр жаюы керек. Ал бұл «Казаққұрылыс» талшын мен сән ағаштарын отырғызды. Бұрын суаруда қиындықтар болды, кейде су болса ,кейде болған жоқ. Суару үкіметтің мердігерлері тарапынан жүргізіледі, ал қазір біздің басқару компаниямыз да қатысады. Мердігерлер өз кестесіне сәйкес суарады, бірақ әрқашан уақытында келе бермейді. Олар аптасына бір-екі рет келуі мүмкін. Биыл өте ыстық, ал олар ыстықта суарады, ал бәрі солып қалады. Қазір біз бірнеше аулаларда автоматты суаруды орнатуды сынап көрдік. Егер ол жақсы нәтиже берсе, қыстан аман өтсе — басқа аулаларда да орнатамыз. Міне, екі шырша отыр. Біз оларды отырғызғанда, айналасын толық қара топырақпен толтырдық. Біреуі жасыл, ал екіншісі, өкінішке орай, тамыр жаймады.
Корр: Мұнда тұрып жатқан адамдарға не тілер едіңіз?
Жанна: Адамдар әрқашан бір нәрсеге наразы болады. Бірақ мен оларға өздерінде барын бағалап, үйіне, аулаларына, ағаштарға мұқият қарауды тілер едім. Жасыл-желекті таптамау керек.
Міне, осылайша, ең жақсы аулалар туралы қорытынды мақаламыз шықты.
Адамдар арасында әлі де әдемілікті сүйетін және оны жасауға қабілеттілер бар екені қуантады. Оларға қолдау көрсететіндер бар , ал қала жасыл желектерге кемінде өз жауапкершілігінің бір бөлігін алып отырады.
Алайда, көптеген адамдар басқа адамдардың үлкен еңбегімен жасаған еңбегін бағалай алмайды. Олар тек гүлдер мен ағаштарға ғана емес, тұратын үйі, ауласы туралы қамқорлық жасау мәдениетінен хабарсыз. Нәтижесінде, балаларына да жауапкершілікке үйрете алмайтынына әкеледі.
Біз урбанизацияланған жерлердегі жасыл желектердің ауаға оң әсері туралы бәріміз білеміз, бірақ біз әлі де қысқа мерзімді ойлаумен өмір сүру кезеңінде тұрмыз. Біздің қаламыз 20-50-100 жылдан кейін қандай болады және біз келешек ұрпаққа не қалдырамыз, бұл көбінесе біздің қолымызда.
Әркім өзіне қажетті қорытындыны шығарады…