Алматы қаласында спектрометрлердің орнатылатындығын хабарлайды оңтүстік астананың прокуратурасының баспасөз қызметі.
Спектрометр – көлік құралдарынан шығатын газдық құрылымды (көмірқышқыл газы, көміртек тотығы, азот оксидтері, көмірсутектер және аммиак) өлшеп, талдайтын құрылғы. Ол дизель көліктерінің түтін деңгейін де анықтай алады.
Құрылғылар тар жерлердегі жолдың қарама-қарсы жақтарына орнатылған.Бұл құрылғылар жарық сәулелерін қолдану арқылы көліктен шығатын газдарды бірден анықтайды.
Осыған ұқсас технологиялар Париж, Лондон, Берлин, Мадрид, Венеция, Франкфурт және Брюссель қалаларында сәтті қолданылып жатқанын хабарлады қадағалау органы.
Жобаның мақсаты – Алматыдағы автокөлік паркінің орташа газ көлемін анықтау. Спектрометр көлік иелерінің экологиялық стандарттарды қаншалықты сақтайтынын тексеруге мүмкіндік береді.