Қыркүйек айының ортасына дейін Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен 7393 отбасыға өзінің бұрыңғы мүлікінің орнына жаңа үй-пәтерлердің табысталғанын үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Оның ішінде 5313 нысан сатып алынды, 2080 үй салынды. Барлық 9147 өтініш берушіге тұрғын үйді жөндеу және қалпына келтіру үшін 53,5 миллиард теңге көлемінде өтемақы жіберілді. Сонымен қатар, 34 247 отбасы бір реттік өтемақы ретінде 100 АЕК мөлшерінде 12 627,7 миллион теңге алды. Жоғалған бірінші қажеттіліктегі заттарды сатып алу үшін қосымша 150 АЕК мөлшерінде 21 880 отбасыға 9994 миллион теңге төленді.
Home Несие-Жинақ Мемлекеттік бағдарламалар Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен қанша отбасыға тұрғын үй берілді?