Орталық дүкеннің жанындағы бақшаны жаңарту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды YK-news.kz.
Дүкеннің жанындағы аумақ қайта жақсарту жұмысынан соң танымастай өзгерді. Жаяу жүргіншілер жолдары түрлі түсті бояумен әсемделіп, жаңа орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылды және жарықпен жабдықталды. Сонымен қатар, жөнделген субұрқақты қазір аққу мүсінімен безендірілген. Субұрқақтың айналасында гүлзарлар жасалып, келесі жылы гүлдер отырғызылады. Өсімдіктерді суару жүйесі қарастырылған.
Нысанды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар тексерді.
— Бұрынғы мен қазіргі жағдайдың айырмашылығы аспан мен жердей! — деп атап өтті «Қазақстан, 70» ОСИ төрайымы Галина Ефремова. — Біз бұл аумақтың ретке келтірілгенін ұзақ уақыт күткенбіз. Өйткені бұл жердің күтімі нашар және субұрқақ жұмыс істемей тұрды, асфальт ағаштардың түбірлерімен көтерілген. Ал,енді өте әдемі және жарықтандырылған!
Тұрғындардың пікірінше,бақшаны Орталық деп атауға болады.
Ольга Юрьева
Сурет авторы