Алматыда сыртқы жарықтың үлесі 2024 жылы 85%-ға дейін, ал 2025 жылы 100%-ға дейінгі көрсеткішке жетті.Бұл туралы Бостандық аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап берген Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев хабарлады.
«Әр аудан бойынша жарықпен қамтамасыз етілмеген көшелерге арналған бағдарламамыз бар. Бостандық ауданында мұндай көшелер саны 54. Бұл мәселе «Халықтық бюджет» бағдарламасы немесе тікелей қаржыландыру арқылы шешіледі. Сонымен қатар, «Алматы қаласы жарық» жұмысының тиімділігін арттыру шаралары қабылдануда.Мамандар тұрғындардың сұраныстарына жедел жауап қайтарады. Көшелер мен аулаларды жарықтандыру үшін қаражат аудандар бойынша бөлінген», — деді қала әкімі, жағдайдың айтарлықтай жақсарғанын, бірақ әлі де толықтай мінсіз емес екенін атап өтті.
Ерболат Досаевтың айтуынша, сыртқы жарықтандыру мәселелерімен қатар, бақшалардың жарықтандырылуы, ғимараттар мен құрылыстардың сәулеттік жарықтандырылуы мәселелері де шешілуде.
Атап өткендей, Бостандық ауданында жоғары сапалы сыртқы жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін жыл басынан бері 1 846 жарықтандырғыш ауыстырылды. Осы күзде тағы 267 жарықтандырғыш орнатылды. Сонымен қатар, 2024 жылдың соңына дейін 9 ескерткішке түнгі жарықтандыру орнату жоспарланған.