Алматыдағы полицентризм: «Қала ішіндегі қала» қалай құрылады?

0
53

Қазіргі мегаполистерде полицентризм жүйесін дамыту маңызды тақырыпқа айналып отыр. Алматыны бірнеше орталыққа бөлу және «қала ішіндегі қала» тұжырымдамасы бойынша құрылатын бигвиллдердің қалай көрінетіні жайлы журналист Илона Соколова айтып береді.

Полицентризм дегеніміз не және ол не үшін қажет?
Полицентризм – бұл қала агломерациясында бірнеше урбанистік орталықтардың болуы. Бұл жүйеде мегаполисте бір ғана емес, бірнеше орталықтар бар. Әр орталықта өмір сүруге және жұмыс істеуге қажеттінің бәрі қамтылады: әлеуметтік және коммерциялық инфрақұрылым, білім беру мекемелері, демалыс орындары мен басқа да қызметтер. Мұндай орталықтар тұрғындарға қала ішінде қозғалысты азайтып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жүйе қаланың негізгі орталығын, көлік жолдарын жүктемеден босатады.

Алматыдағы полицентризм: «Қала ішіндегі қала» қалай құрылады?

Алматының бес жаңа орталығы және олардың ерекшеліктері

Алматы қаласын дамыту мақсатымен ,2030 жылға дейін бес полицентр құру жоспарланып отыр. Әрқайсысы өзіндік даму бағытына ие, автономды аудандар «Солтүстік», «Батыс», «Шығыс қақпасы», «Оңтүстік-батыс» және «Тарихи орталық» атауларымен белгіленген. Бұл шешім Алматыны тұрақты әрі теңгерімді ортаға айналдыру үшін қабылданған.

Бес жаңа орталық

  1. «Шығыс қақпасы»
    Бұл орталық Талғар және Құлжа даңғыл жолдарында орналасады. Аумағы халықаралық әуежай мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолына жақын болғандықтан, мұнда үлкен логистикалық хаб құру жоспарлануда.

Инфрақұрылымға LRT станциясы, «Шығыс» автовокзалы, BRT желісі және қала маңындағы көлік жүйесі кіреді.

  1. «Батыс» (Боралдай ауылы)
    Бұл ауданда Алматы-3 теміржол вокзалы мен көлік хабының құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар, мұнда жаңа тұрғын үй аудандары мен демалысқа арналған сызықты саябақ салынады.

Сондай-ақ, этнографиялық «Сақ қорғандары» саябағының айналасындағы инфрақұрылым дамиды. Жаңа көпсалалы аурухана, спорт кешендері, 16 балабақша, 10 мектеп және өрт сөндіру депосы пайда болады.

  1. «Оңтүстік-батыс»
    Бұл орталық Райымбек даңғылы мен жаңа Алатау көшесі маңында орналасады.

“Алтын Орда” базары көтерме-бөлшек сауда орталығына айналады. Сонымен қатар, көлік қатынасын қамтамасыз ететін ірі тораптар, “Батыс” автовокзалы, LRT және метро станцияларының құрылысы жоспарланған.

  1. «Тарихи орталық»
    Бұл ауданда туризмді дамыту және қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтау басты міндетке айналады.

Тарихи ғимараттарды қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, ескі өндірістік орындар мен арнайы мекемелер (АЗТМ, Киров зауыты, тергеу изоляторы) басқа жерге көшіріледі. Олардың орнына заманауи тұрғын үйлер мен жаңа іскерлік кластер салынады.

  1. «Солтүстік»
    Бұл полицентр Райымбек батыр даңғылының солтүстігінде, Жетісу және Түрксіб аудандарында орналасады.

Кеңестік кезеңнен қалған ескі тұрғын үйлер мен өндірістік аймақтарды жаңғырту арқылы жаңа аудандар бой көтереді. Мұнда тығыз көше жүйесі, шағын кәсіпкерлікке арналған бірінші қабаттар мен жаңа демалыс орындары пайда болады.

Сарапшылардың пікірі

BI Development South компаниясының бас директоры Расул Мұстафиннің айтуынша, бірнеше орталықтың пайда болуы қала құрылысын ретке келтіруге мүмкіндік береді.

– «Бұл инфрақұрылымды және қоғамдық қызметтерді тең үлестіріп, орталық аудандарға түсетін жүктемені азайтады. Сонымен қатар, көлік қатынасының жақсаруына, жаңа жол қатынастарының пайда болуына ықпал етеді», – дейді ол.

Полицентризм жүйесі қаланы әртүрлі және тиімді етуге көмектеседі. Алайда, бұл әдіс әр ауданның мүдделерін ескеретін кешенді қала құрылысы жоспарлауын талап етеді.

Алматының бұл бағыттағы қадамдары қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған тың бастама болмақ.

Алматыдағы полицентризм: «Қала ішіндегі қала» қалай құрылады?

Қазақстанның оңтүстік астанасында 2,2 миллион адам тұрады. Қала аумағы – 683 шаршы километр. Қазіргі таңда Алматы моноорталықтық құрылымдағы қала ретінде дамып келеді. Мұндай типтегі қалалардың басты мәселелерінің бірі – инженерлік жүйелердің біркелкі жүктелмеуі. Бұл жүйелердің жиі істен шығуына әкеледі.

Сонымен қатар, күн сайын қала орталығына көлік ағыны бірнеше шақырымға созылатын кептелістер тудырады. Бұл жағдай қаланың экологиялық ахуалын да нашарлатып отыр. Қазіргі таңда Алматыдағы ең өзекті мәселелердің бірі осы.

2030 жылға қарай Алматы тұрғындарының саны үш миллионға жетеді деп күтілуде. Егер қала жаңа полицентрлік жоспар бойынша дамитын болса, оның аумағы 900 шаршы километрге дейін ұлғаюы мүмкін.

«Бұл ретте жергілікті тұрғындардың қажеттіліктерін түсініп, олардың талаптарына сай келетін нысандарды салу маңызды. Сондай-ақ азаматтардың қала құрылысы мен жоспарлау процестеріне қатысуы үлкен мәнге ие. Екіншіден, қоршаған ортаға үйлесімді болатын нысандарды салып, экожүйелік аспектілерді ескеру қажет. Басымдықтар ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық қауіпсіздік және жайлы қоғамдық кеңістіктер құру болуы керек.

Сонымен қатар, жергілікті билікпен және мүдделі тараптармен өзара байланыс құрылысшыларға жобаларды ұзақ мерзімді қала мүдделеріне сай етіп жоспарлауға мүмкіндік береді», – дейді Расул Мұстафин.

Полицентризм тұжырымдамасын қолдай отырып, BI Group Алматының шығыс және батыс аймақтарында қажетті инфрақұрылымдарды дамытуға белсенді кірісті.

«Полицентрлік құрылыс аясында біз қаланың батыс бөлігінде Arena City және шығыс бөлігінде Dream City бигвильдерін салып бастадық», – деп бөлісті Расул Мұстафин.

Бигвилль – бұл аумақты кешенді игеру және барлық қажетті инфрақұрылымға 15 минутта қол жеткізу мүмкіндігімен ерекшеленетін жаңа қалалық өмір үлгісі.

Алматыдағы полицентризм: «Қала ішіндегі қала» қалай құрылады?

Алматының жаңа бигвильдері: өмір сүру мен жұмыс істеуге арналған орта

Dream City жобасы кезінде сәулетшілер Барселонаның полиалаңдар идеясынан шабыт алды. Бұл кешен төрт ортаға бөлінген: Family, Eco, Art және Tech. Мұндай құрылым әр түрлі жастағы тұрғындардың қажеттіліктерін және өмір сүру жағдайларын ескеруге мүмкіндік береді.

Алматыдағы полицентризм: «Қала ішіндегі қала» қалай құрылады?

Family және Eco аймақтары үшін саябақтар, шағын бақшалар мен велосипед жолдары қарастырылған. Art аймағы шығармашылық орталықтар, йога және инсталляциялармен ерекшеленеді. Ал Tech аймағы заманауи коворкингтер, кофеханалар, барлық жерде қолжетімді wi-fi және электрсамокаттар ұсынады.

Алматыдағы полицентризм: «Қала ішіндегі қала» қалай құрылады?
Алматыдағы полицентризм: «Қала ішіндегі қала» қалай құрылады?

Алматы Арена маңында орналасқан бигвилльде де тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыратын түрлі нысандар қарастырылған. Мұнда саябақтар, мектептер, сауда орталықтары мен медициналық кластерлер болады. Кешеннің жайлы кеңістігі әрбір тұрғынның қажеттілігін қанағаттандыратын мүмкіндіктер ұсынады.

Алматыдағы полицентризм: «Қала ішіндегі қала» қалай құрылады?

Алматыдағы полицентризм: «Қала ішіндегі қала» қалай құрылады?

Аулаларда заманауи ойын алаңдары орналасқан. Ондағы әткеншектер мен сырғанақтар берік әрі қауіпсіз материалдардан жасалған, бұл оларды қыста мұздап немесе жазда қызып кетуден қорғайды. Ауланың басқа бөлігі демалу аймағы ретінде жабдықталған, онда көлеңке немесе жаңбырдан қорғануға арналған жайлы күркелер бар. Ал спортпен шұғылданғысы келетіндерге арнайы жаттығу алаңдары ұсынылады.

Алматыдағы полицентризм: «Қала ішіндегі қала» қалай құрылады?

Кешеннің тағы бір ерекшелігі – Yourt көрші орталығы. Мұнда тұрғындар жұмыс істеп, демалып немесе көршілерімен әңгімелесе алады.

Алматыдағы полицентризм: «Қала ішіндегі қала» қалай құрылады?

Алматы қоғамдық кеңесінің сарапшысы, «CreAlmaty» қоғамдық қорының жетекшісі, сәулетші Жұмабай Жандос қаланың кеңсе сыртындағы уақытты өткізуге арналған орындардың жетіспеушілігіне назар аударады.

«Зерттеулерге сәйкес, Алматыда орта жастағы белсенді адамдарға арналған кеңістіктер жетіспейді. Зейнеткерлер мен балалар үшін бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр, бірақ орта буынның қажеттіліктері назардан тыс қалып отыр. Қала тұрғындары арасында жүргізілген сауалнамалар да осыны көрсетті», – дейді Жұмабай Жандос.

Жаңа бигвильдер тек тұрғын үйлерді ғана емес, сонымен қатар IT-хабтарды, шығармашылық шеберханаларды, театрларды және бизнес-орталықтарды қамтиды. Мұндай кеңістіктер адамдардың жұмыс істеп, жаңа дағдыларды меңгеруіне, кездесулер өткізуіне және пайдалы таныстықтар жасауына мүмкіндік береді.

Алматыдағы полицентризм: «Қала ішіндегі қала» қалай құрылады?

Алматының жаңа даму жоспарын қолдай отырып, BI заманауи технологияларды пайдаланып, жаңа полицентрлер аумағында қажетті инфрақұрылым құруда. Бигвильдерде қылмыскерлерді ІІМ базасынан тану, әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау, жедел жәрдем көліктері үшін ақылды шлагбаумдардың автоматты ашылуы, баланың үйге келгені туралы хабарлама беру жүйелері қарастырылған.

Қаланың негізгі мәселелері
Тарихшы әрі өлкетанушы Анастасия Зверягинаның айтуынша, Алматының полицентрлік даму моделіне көшу үшін бірнеше мәселелерді шешу қажет:

  • Қаланың орталықтан алыс аудандарындағы инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы;
  • Автокөлік жолдарының өткізу қабілетінің төмендігі;
  • Балабақшалар мен мектептердегі орын тапшылығы;
  • Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қанағаттанарлықсыз жағдайы;
  • Бос уақыт өткізу орындарының жетіспеушілігі;
  • Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;
  • Жауын-шашын суын ағызу жүйесінің мәселелері;
  • Автотұрақтардың аздығы және тағы басқалар.

Анастасияның пікірінше, қазіргі таңда Алматының тарихи орталығы ғана шағын, жайлы қала моделінің талаптарына сай келеді. Мұнда мектептерге, балабақшаларға, денсаулық сақтау нысандарына, мәдени-тарихи мұраларға және қоғамдық орындарға жаяу жету мүмкіндігі бар, көлік жүйесі де жақсы дамыған.

Алайда, Райымбек батыр даңғылының жоғарғы және төменгі аймақтарының әлеуметтік нысандар мен демалыс орындарына қолжетімділігі арасында айқын айырмашылық бар.

Егер жоспарланған іс-шаралар сәтті жүзеге асырылса, 2030 жылға қарай қалада бірнеше өзін-өзі қамтамасыз ететін аудан пайда болуы мүмкін.

«Алматының полицентрлік даму жоспары бір ғана шешім арқылы жүзеге аспайды, бұл ұзақ уақыт пен жүйелі жұмысты талап етеді. Қазіргі жобалар талқылау кезеңінде. Бірақ ішкі көші-қонды (күнделікті, апталық миграцияны) реттеу, сондай-ақ қаланың орталығына артық қысым түсірмеу мәселелері шешілсе, Алматының жағдайы жақсарар еді», – дейді Анастасия Зверягина.

Тұрғындардың пікірі

Валерия Байжігітова:

«Мен Арбат маңында тұрамын және орталық аудандардың қалай жүктеліп кеткенін өз көзіммен көремін. Жұмыс, білім, қызмет көрсету, бос уақыт өткізу – барлығы бір жерде шоғырланған. Қала «қысылып қалғандай» әсер қалдырады.

Қаланың ортасын әртараптандыру өте маңызды. Өзім де қаланың әртүрлі бөліктерінде жүріп, жаңа мүмкіндіктерді зерттеуге қуана келісер едім. Бірақ қазіргі кезде Алматыда қозғалу қиын, ал инфрақұрылым мен маңызды нысандар қала аумағында тең бөлінбеген».

Даниил Тихонов:
«Қазіргі жұмысымның ерекшелігіне байланысты Алматы мен Астана арасында көп жүремін, іссапарларым да жиі болады. Алайда жақын арада Алматыға тұрақтап, бір қалада өмір сүруді жоспарлап жүрмін. Маған Алматыда бірнеше дамыған инфрақұрылымы бар орталықтар пайда болғаны өте маңызды. Қалада әртүрлі ыңғайлы аудандар болғанын қалаймын, онда барлық қажеттілік бір жерде, қолжетімді қашықтықта болса деймін.

Полицентризмнің Алматы үшін қажеттілігі жоғары деп ойлаймын. Әсіресе, қазіргі кезде қалада адам саны мен жүктеме тым көбейгенде бұл модель өзекті».

Әсемгүл Бейкенова:
«Мен Almaty Arena маңында тұрамын. Бұл ауданда «Батыс» полицентрі құрылмақ. Ауданды дамыту жоспарланып жатқанын білеміз, соған қуаныштымын. Мұнда бигвилльдер салынып жатыр, инфрақұрылым жасалуда. Сонымен қатар, Алматы-3 теміржол вокзалы, медициналық кешен мен спорттық нысандардың да ашылуы жоспарланған.

Жаңа орталықтар қарқынды дамып, қала тұрғындарына барлық қажеттілік орталыққа бармай-ақ, жақын жерден шешілсе деген үміттемін. Алматының дамуы, қала жүктемесінің азаюы және жаңа идеялардың пайда болуы аса қажет деп ойлаймын».

Редакциядан: Алматылықтар бүгінгі қаладағы жаппай құрылыс жұмыстарына алаңдаулы. Көпшілік мегаполистің даму бағыттары, экологиялық жағдайы, тұрмыс сапасы мен инфрақұрылымның қолжетімділігі туралы көбірек білгісі келеді. Сарапшылар мен тұрғындардың пікірі бір жерден шығып отыр: урбанизация үдерісі күшейген сайын бірнеше орталық құру өте маңызды.Бұл шешім қала тұрғындарына инфрақұрылымға тең қолжетімділік береді, оқу, жұмыс, денсаулықты жақсарту мен бос уақытты өткізуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ, қаладағы жолдардың жүктемесін азайтып, кептелістерді шешуге көмектеседі. Полицентрлік даму Алматының қауіпсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізі болмақ.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here