Алматыда 2025 жылы 800 қоқыс алаңы жаңартылады

0
8

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында келесі жылы қаладағы қоқыс алаңдарын жаңарту жоспарланғанын мәлімдеді.

«Келесі жылы қоқыс алаңдарын жаңғыртуды қолға аламыз. Қазіргі жағдайды жақсартамыз. Демалыс күндері, әсіресе жұма күнінен бастап, қоқыс алаңдары тез толып, қиындық туындайтынын білемін», – деді Ерболат Досаев.

Жалпы алғанда 800 қоқыс алаңын жаңарту көзделіп отыр. Әкім тұрғындарға ірі көлемді қоқыстарды тастамау туралы ескерту жасады.

«Жаңа ережелерде мұндай әрекеттерге қатаң жаза қарастырылған. Сондай-ақ қоқыс алаңдарына бақылау камераларын орнатамыз. Бұл тәртіп бұзушыларды жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Келер жылы алғашқы 400 камера іске қосылады», – деп қосты әкім.

Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелеріне сәйкес, құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізетін жеке және заңды тұлғалар ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын арнайы орындарға өз бетінше жеткізуі немесе мамандандырылған ұйымдарға ақылы түрде шығартуы тиіс. Мұндай қалдықтарды Іле және Қарасай аудандарындағы полигондарға тасымалдау міндеттеледі.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here