Қазақстанда тұрғын үй мәселесі әрқашан өзекті тақырып болып қала бермек. Әсіресе соңғы жылдары әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге байланысты бұл сұрақтың маңызы арта түсті. Ал мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланған деректерге қарағанда, еліміздің әртүрлі өңірлерінде сатып алынатын немесе салынатын тұрғын үйлердің түрлері мен мақсаттары әртүрлі болмақ. Кейбір тұрғын үйлер әлеуметтік осал топтарға бағытталса, басқалары әкімдік қызметкерлері үшін қарастырылған.
Алматы облысы:
Алматы облысының Ұйғыр ауданында 40 пәтер немесе үй сатып алу үшін 800 миллион теңге бөлінді. Бұл тұрғын үйлер әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға арналып, әрбір пәтер немесе үйдің бағасы 20 миллион теңгені құрайды. Талаптар бойынша, тұрғын үйлердің жалпы ауданы 59,3 м²-ден кем болмауы керек. Сондай-ақ инженерлік желілермен қамтамасыз етілуі қажет. Бұл баспаналар әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін
қолдауда маңызды қадам болары анық.
Талғар ауданында құрылыс бөлімі 172 миллион теңге бөлді. Бұл қаржыға 10 пәтер сатып алу жоспарлануда. Пәтерлердің бағасы 15 миллионнан 24 миллион теңгеге дейін жетеді. Сонымен қатар, пәтерлерге қойылатын талаптар да жоғары: олар жоғары жайлылық деңгейіне сай болуы тиіс, сондай-ақ санитарлық және құрылыс нормаларына толық сәйкес келуі қажет.
Шығыс Қазақстан облысы:
Марқакөл ауданында үкімет мамандарына арналған 14 түрлі пәтер мен үй сатып алу жоспарланған. Жалпы құны 5 миллионнан 12 миллион теңгеге дейінгі үйлердің көлемі мен бөлмелер саны әртүрлі болады. Бұл баспаналар, ең алдымен, әкімшілік қызметкерлеріне арналып, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қостанай облысы:
Қостанай қаласында дайын тұрғын үй сатып алу орнына жаңа бес қабатты тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұл жобаға 712,8 миллион теңге бөлінген. Құрылыс 2025 жылдың сәуіріне дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл бастама қаланың тұрғын үй мәселесін шешуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Шымкент қаласы:
Шымкент қаласы, Тұран ауданынан бірнеше тоғыз қабатты тұрғын үй салуға 6,2 миллиард теңге бөлінді. Бірақ, бұл үйлердің кімдерге арналғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Жобаның мақсаты мен тұрғындардың категориясы туралы ашық деректер жарияланбаған.