Қазақстанның бес аймағында ірі спорттық объектілер мемлекеттік меншікке қайтарылды.

0
11

Қазақстанның бес аймағында спорт нысандарын басқарудың тиімділігіне қатысты қауіптер анықталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.

Агенттік жүргізген талдау нәтижесінде бірнеше нысанның мемлекеттік меншікке қайтарылғаны белгілі болды.

Мысалы, Атырау облысында 2018 жылы жеке кәсіпкерге хоккей клубы «Байбарыс-Атырау» басқаруына негізсіз берілген «Мұз сарайы» (6 мың шаршы метр) коммуналдық меншікке қайтарылды.

Ал Алматыда бұрын жекеменшік ұйымның басқаруында болған «Халық Арена» мен «Алматы Арена» нысандары коммуналдық меншікке өтті. Бұл объектілер мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында басқарылған болатын.

Батыс Қазақстан облысында футбол алаңы бар стадион, жеке ұйымның сенімді басқаруынан мемлекет меншігіне қайтарылды.

Шымкентте 7 жыл бұрын 128 миллион теңгеге сатылған «Мұз сарайы» спорттық кешенінің 67% үлесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысында 2017 жылы жекешелендіріліп, «Айша биби» су добы клубына айналған нысан да мемлекет меншігіне өтті.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here