Қолжетімді тұрғын үй — мемлекеттің міндеті

0
20

Шымкентте 304 отбасы мемлекеттік бағдарламамен жаңа баспанаға ие болды. Қуанышқа толы бұл сәт Бозарық шағын ауданында өтті. Тұрғындар жаңа пәтерлерінің кілтін алу салтанаты бойынша шашу шашылды. Шарада қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, тұрғындарды құттықтады.

Шымкент қаласының әкімі атап өткендей, қолжетімді тұрғын үй беру — бағдарламаның басты мақсаттарының бірі.

Жаңа пәтерлер «Отбасы банк» арқылы «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламаларында кезекте тұрған азаматтарға берілді. Жаңа қоныстанушылар арасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетімдер мен ата-анасыз қалған балалар, сондай-ақ бюджет қызметкерлері бар.

«Өз пәтерімізді алу — біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш. Біз бұл сәтті ұзақ күттік!» — деп бөлісті жаңа қоныс иелерінің бірі.

Жыл басынан бері Шымкентте «2-10-20», «5-10-20» және «5-20-25» бағдарламалары бойынша 1514 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 150 отбасы «Қамқор» өңірлік бағдарламасымен баспана алды. Бұл жылы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету үшін 311 әлеуметтік сертификат бөлініп, тегін тұрғын үй алу мүмкіндігі берілді.

2024 жылдың соңына дейін Шымкентте тағы 10 көпқабатты үй салу жоспарланып, онда 4000 пәтер жаңа қоныс иелеріне беріледі.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here