БҚО-да қоқыс қалдықтарын сұрыптау кешені іске қосылды

0
19

Digitalisation and Recycling атты қалдықтарды сұрыптау кешені қауіпті қоқыс қалдықтарын жоюмен айналысады.

Ашылу салтанатына БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Бөрілі ауданының әкімі Алтай Тукжанов, БҚО экология департаментінің жетекшісі Мұрат Ермекқалиев, КПО б.в. компаниясының өкілдері және Merlion Development Group компаниясының негізін қалаушысы Динар Хамиев қатысты. Сонымен қатар, кешен басшылығы мен «Merlion Development Group» компаниясының қызметкерлері шараға өз үлесін қосты. Ашылу салтанатынан соң, қонақтарды сұрыптау кешенімен толыққанды таныстыру жұмысы өтті

— Біздің компания қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, жою және залалсыздандыру жобасын жүзеге асырады. Кешен заманауи технологиялармен жабдықталған. Мұнда қалдықтарды жоюға арналған құрылғылар, түрлі материалдарды сұрыптауға арналған желі, қағаз қалдықтарын жинау және жою жабдықтары ,сондай-ақ ағаш қалдықтарын өңдеу құрылғысы бар, — деді «Merlion Development Group» ЖШС

БҚО-да қоқыс қалдықтарын сұрыптау кешені іске қосылды

ұл жоба қоршаған ортаны қорғау және қоқыс қалдықтарын тиімді пайдалану мақсатымен жүзеге асырылуда. Кешен құрылыс қалдықтарын, тозған арнайы киімдер мен жеке қорғаныс құралдарын, ағаш қалдықтарын, картон мен қағаз, алюминий және пластик ыдыстарын өңдеуге арналған.

Ақсай қаласында халық саны- 40 мың . Мұнда заманауи инновациялық нысандар ашылуда, соның ішінде жаңадан іске қосылған қалдықтарды қайта өңдеу кешені де бар. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 800 миллион теңгені құрайды, ал кешеннің жылдық өндірістік қуаты 5 000 тонна қалдықты қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл жоба аясында 12 жаңа жұмыс орны ашылды.

Дүниежүзілік тәжірибеде қалдықтарды сұрыптау қоршаған ортаны қорғау үшін ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіп пен бизнес үшін де маңызды. Қалдықтардың шамамен екі бөлігі қайта өңделеді. Себебі, өндірушілерге қоқыс қалдықтарынан шикізат алу тиімді.

Биыл елімізде халықаралық тәжірибені ескере отырып, қалдықтарды қайта өңдеу саласына жеңілдетілген қаржыландыру механизмі енгізілді. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы 3% сыйақы мөлшерлемесімен 3 жылдан 15 жылға дейін қаржыландыру жоспарлануда. Үш жылға арналған жобаларға бөлінетін жалпы сома шамамен 200 миллиард теңгені құрайды. Бұл бағдарлама кешеннің жұмысын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «Merlion Development Group» ЖШС БҚО-да тағы бір ерекше жоба жүзеге асыруда. Итальяндық PetrolValves S.p.A компаниясымен бірлесіп, мұнай-газ және энергетика салаларында қолданылатын жоғары технологиялық жабдықтар мен арнайы құрылғылар шығарылуда.

Бұл жобалар елдің экологиялық жағдайын жақсартуға, жұмыс орындарын ашуға және экономикаға жаңа серпін беруге үлкен үлес қосатыны анық

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here