Петропавл қаласында жаңа 1200 орындық студенттерге арналған жатақхана пайдалануға берілді.
Бұл нысанның жалпы мердігері – «Основание» ЖШС. Жатақхана бірнеше бөліктен тұрады.Мемлекеттік басшының студенттер үшін жатақханалар салу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында бой көтерді. М. Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Аризона университетінің алғашқы шетелдік филиалының ашылуы Қазақстан мен АҚШ арасындағы ғылыми және білім беру ынтымақтастығына жаңа серпін берді. Жатақхананың құрылысы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі кешенді жоспары аясында жүзеге асырылды.
— Білім беру инфрақұрылымын дамыту және ғылымды қолдауға жағдай жасау арқылы университетіміз өңірдегі су жабдықтау, ирригация, гидрология, таза судың сапасын бақылау, ағынды суларды қайта пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударады, — деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Нурмухамбетов салтанатты ашылу рәсімінде.
Аймақтық университетте ұзақ уақыт бойы жатақхана тапшылығы сезілген. Нәтижесінде талапкерлер еліміз бен шетелдегі басқа жоғары оқу орындарына таңдауға мәжбүр болады. Жаңа жатақхана білім беру процесін сапалы қамтамасыз ету және студенттердің жайлы тұрмыс жағдайларын жасауға мүмкіндік береді. Kozybayev University үшін жатақханаға деген сұраныс толығымен жабылады.
— Жатақхана заманауи жабдықтармен жасақталған. Мұнда спорт залдары, кафетерийлер, тамақтану орындары және коворкинг аймақтары бар. Барлығы студенттеріміздің жайлы жағдайда сапалы білім алуын қамтамасыз ету үшін жасалған. Бүгінгі күні университетімізде 1365 орындық 4 жатақхана бар. 1200 орындық жаңа жатақхананың ашылуы студенттерді көптеп тартуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бізде шамамен 6000 студент оқиды, олардың санын болашақта 9000 адамға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз, — деді Kozybayev University-дің басқарма төрағасы — ректоры Ербол Исакаев.
Ермек Сериков