Ақтөбеде өрт сөндіру ғимараты салынбақ

0
90

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров облыс орталығындағы өрт сөндіру ғимаратының құрылысымен танысты.

Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, Ақтөбе қаласының Есет батыр шағын ауданында төрт көлікке арналған II типті өрт сөндіру ғимараты салынуда. Өрт бөлімі 1,5 гектар алаңды алып жатыр және қаланың шетінде тұрғын секторды қорғау үшін қолайлы орналасқан. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу барысында осы ерекшелікке баса назар аударылған.

Ғимаратта әкімшілік корпус, бақылау бөлмесі, демалыс бөлмесі, күзет орны, асхана, санитарлық станциялар, қабылдау бөлмесі, акт залы, қойма жайлары және газ бен түтіннен қорғау қызметтері үшін арнайы оқу залы қарастырылған.

2019 жылы басталған құрылыс биыл пайдалануға берілмек. Жобаның мердігері «Бабэк Құрылыс» компаниясы.

Облыс басшысы құрылыс жұмыстарын жеделдетудің қажеттілігін атап өтті.

Ермек Сериков

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here