Заман талабына сай-жаңа құрылыс материалдары

0
35

Астанада 3D-панельдерін шағару жоспарлануда. Қазіргі уақытта үш жоба жобалану кезеңінде тұр, олар кеңінен қолданылатын қасбеттік архитектуралық бетоннан жасалған 3D-панельдер, қасбеттік плиткалар, минералды мақта және фиброцемент тақталарын өндіруді көздейді. Жобалардың жалпы құны – 2 миллиард теңгеден асады.

Мысалы, 2026 жылы 760 миллион теңгеге минералды мақта және фиброцемент тақталарын өндіруді іске қосу жоспарланған. 14 жұмыс орны ашылып, болашақта 100-ден астам адам жұмыспен қамтылады.

Келесі жылы кеңінен қолданылатын қасбеттік архитектуралық бетоннан жасалған 3D-панельдер өндіру іске қосылады: ғимараттардың қасбеттері, интерьерлік декоративті панельдер, шағын сәулеттік формалар, қоршаулар және т.б. Жобаның құны 460 миллион теңгеге бағаланған. 30 жұмыс орны ашылады.

Осы жылдың соңына дейін 741 миллион теңгеге қасбеттік плитка мен клинкер кірпішін өндіру іске қосылады. Бұл кәсіпорында 50 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.

Сонымен қатар, әкімдік өкілдері елордада биыл 10,3 миллиард теңгеге газобетон блоктары мен фиброцемент тақталарын өндіру іске қосылғанын айтты. Бұл кәсіпорында 167 жұмыс орны ашылған. Берілген ақпаратқа сәйкес, зауыт жыл сайын 1 миллион шаршы метр темірбетон бұйымдарын (фиброцемент тақталарын) және 150 мың текше метр газоблок шығарады, болашақта өндіріс қуатын 300 мың текше метрге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here