Шығыс Қазақстан облысында ең ұзын автокөпір ашылды

0
82

Шығыс Қазақстан облысында Бұхтырма су қоймасы арқылы еліміздегі ең ұзын автокөпір пайдалануға берілді.Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, құрылыстың ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қатысты.Жоба ұзақ жылдар бойы көлік байланысының мәселесін шешуге бағытталған. Көпір Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Қ атонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады.

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет басшысына 1316 метр ұзындығы бар екі жолақты автокөпірдің құрылысының аяқталғаны туралы хабарлады. Көпір арқылы тәулігіне 80 мың автомобиль жолдың арғы бетіне өте алады. Сонымен қатар көпірге 18 км жаңа жол тартылған. Жоба заманауи инженерлік технологиялармен сапа стандарттарына сай жүзеге асырылды.

Облыс тұрғындарымен кездесуде Премьер-министр жобаның іске асырылуы көлік құралдарының жыл бойы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететінін, Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін және елдің көлік-логистика саласының дамуына оң әсер ететінін атап өтті.

— Жаңа көпір тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынды. Сіздер білесіздер, өңірде 50 жыл бойы азаматтар жазда кемемен , қыста мұз үстімен жүріп өтеді. Бұл құрылыс жергілікті тұрғындар үшін көптен күткен жоба, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Шығыс Қазақстан – маңызды көлік торабы бар стратегиялық өңір. Бұхтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір көрші елдермен байланысиы үздіксіз қамтамасыз етеді.

Өз тарапынан, көпірдің ашылуын көзбен көрген өңір тұрғындары бұл көпір су қоймасының екі жағындағы елді мекендер арасындағы көлік байланысын айтарлықтай жақсартатынын, тұрғындардың мобильділігін арттырып, тауарлардың жылдам қозғалысына, қызметтерге қолжетімділікті жоғарылатуға, сонымен қатар облыстың туристік әлеуетін ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

— 2019 жылы осы өңірдің тұрғындары Президентке өтініш жазды. Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың өтінішіне назар аударып, көпір салуға қаржы бөлінді. Аталмыш жобада тек біздің еліміздің азаматтары жұмыс істеді. Шетелдік мамандар тартылған жоқ. Сондықтан да өңір азаматтары жұмыссыз қалған жоқ! Құрылыс қандай ауа райында болса да жүргізілді – қыстың аязында да, жаздың ыстығында да, — деді Күршім ауданына құрметті азамат Бақытхан Олмесеков.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here