Қазақстандықтардың жартысы жеке тұрғын үйге ие!

0
269

Қазақстанда 20 миллион азаматтың 9,5 миллионы жеке тұрғын үйге ие.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, ел бойынша қыркүйек айында жалға алынатын тұрғын үй бағасы орташа 1,5%-ға қымбаттады. Ең қымбат баға көрсеткіші Өскемен мен Қарағанды қалаларында байқалды, мұнда пәтерлердің бағасы 5%-дан жоғары көтерілді.

Көкшетау пәтерді жалға алу бағасы бойынша үшінші орында (4,8%) тұр. Талдықорған қаласында баға көрсеткіші 4,2%-ға өсті.

Кейде жалға алу бағасының тек Алматы мен Астана қалаларында қымбаттайтыны туралы пікірлер кездеседі. Дегенмен, Алматыда баға 1,6%-ға, Астанада 1,4%-ға артты. Үшінші ірі қала Шымкентте бағалар 2,5%-ға көтерілді.

Ұлттық бюроның деректеріне сәйкес, қыркүйекте жалға алынатын тұрғын үйдің орташа бір шаршы метрі 4 471 теңгеге бағаланды. Алматыда орташа баға 5 364 теңге, ал Таразда ең төменгі баға 2 074 теңге.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here