Өскеменде жылу энергиясының тапшылығына байланысты жаңа жылу электр станциясын салу және бар жылу қазандығын кеңейту жоспарлануда. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов брифингте айтты.
Жаңа ЖЭО құрылысының жобасы мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылады.
— Бұл жобаның іске асырылуы жылу энергиясының тапшылығын толтыруға және қала дамуы үшін қажетті резерв жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жылу энергиясына сұраныс 1 232 Гкал/сағатты құрайды, — деді Нұрлан Рамазанов.
Сонымен қатар, жылу энергиясының тапшылығын қысқарту үшін «Өскемен жылу желілері» акционерлік қоғамының №2 жылу қазандығын кеңейту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобада осы қазанда жылу энергиясын өндіруді 100 Гкал/сағатқа арттыру көзделген.
—ЖШС «Өскемен ЖЭО» және Энергетика министрлігі 130 Гкал/сағат қуаттылығы бар қазандық агрегат №16 салу жөнінде инвестициялық келісімге қол қойды. Сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы қуаты 58,3 МВт болатын 4 гидроэлектростанциясының құрылысы жоспарлануда. Атап айтқанда: Катонқарағай ауданында – 1,4 МВт, 2027 жылға дейін; Алтай ауданында – 50 МВт, 2029 жылға дейін; және Зайсан ауданында – 6,9 МВт, 2029 жылға дейін жылу желілері салынбақ, — деп қосты басқарма басшысы.
Ермек Сериков