Алматы облысында құрылысшылар үшін жаңа өндірістер іске қосылады

0
7

Облыс әкімдігінің мәліметінше, екі кезең бойынша PUR/PIR панельдер мен минералды мақтадан жасалған панельдер шығаратын зауыттың құрылыс жобасын іске қосу жоспарлануда. Инвестиция көлемі 7,3 млрд теңгені құрайды. Өндіріс қуаты – айына 80,6 мың шаршы метр. Бірінші кезең келесі жылы іске қосылуы мүмкін, ал екінші кезең – 2026 жылы.

Екі жылдан кейін облыста 27,6 млрд теңгеге шыны ыдыстарды қайта өңдеу және утилизациялау кәсіпорны ашылады. Кәсіпорынның қуаты жылына 220 миллион бөтелкеге немесе 240 тонна шыныға жетуі тиіс.

2026 жылы 7,6 млрд теңгеге автоклавты газблок шығаратын зауыт іске қосылуы мүмкін. Мұнда жыл сайын 300 мың текше метр өнім өндірілмек. Жұмыс орындарының саны – 100.

Осыған қоса, құрылыс материалдарын шығаратын үш зауыттан тұратын кешен құрылуы күтілуде. Бұл кәсіпорындарда 60 мың текше метр автоклавты газблок, 2 миллион шаршы метр фиброцемент плитка және 6 мың тонна шыны жүн өндірілмек. Жобаның жалпы құны – 2,01 млрд теңге.

2027 жылы 24,4 млрд теңгеге кірпіш зауытының ашылуы күтілуде. Зауыт жылына 500 тонна дайын өнім шығаратын болады. Бұл жұмыс орындары 150 адамды қамтиды.

2028 жылы жылдық қуаты 200 мың текше метр автоклавты газблок өндірісін іске қосу жоспарланған. Жобаның құны 1,8 млрд теңге деп бағаланады.

Алуан түрлі алты объектіні ашу арқылы 834 жұмыс орны құрылуы жоспарланған.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here