IT және құрылыс: «бір терезе» қағидатын құру арқылы құрылыс саласын дамыту

0
9

IT қоғамдастығы мен құрылыс кәсіподақтарының арасында «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс ұйымдастыруға арналған (eQurylys) дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – IT мамандарын «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруға шақырып, жүйеге қосылу үшін қажетті талаптар туралы ақпарат беру.

Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың, IT және құрылыс саласындағы ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың арасында РОЮЛ «Қазақстан құрылысшылары одағы», ТОО «Корпорация Базис-А», АО «Samruk-Kazyna Construction», ТОО «KazIT service», ТОО «BTS Digital» және басқа да ұйымдар болды.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дубирова құрылыс саласындағы ақпараттық жүйелердің қалай жұмыс істейтіні мен құрылымы туралы түсіндірді..

 Дөңгелек үстелде жеке IT-шешімдердің «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс ұйымдастыруға арналған жүйемен қалай үйлсім табатындығы және жеке ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік жүйе арасындағы қызметтерді бөлу жайы талқыланды. Сондай-ақ, барлық мәліметтердің мемлекеттік есепте сақталатыны айтылды.

Сонымен қатар, сөз сөйлегендердің қатарында «Bnect», «BuildTech» кәсіәптері мен Қазақстан құрылысшылары одағының өкілдері болды. Олар қазіргі уақытта құрылыс саласын цифрландыруға арналған шешімдерін ұсынып, «бір терезе» қағидатымен құрылыс ұйымдастыру бойынша жұмыс істеуде.

Қызу талқылау барысында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков пен Мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалқұл құрылыс саласы мен IT-компаниялардың өкілдерін қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.

Дөңгелек үстелдің соңында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дубирова барлық қызығушы тараптарды бәсекелестік нарыққа кіріп, өздерінің құрылыс саласындағы IT-шешімдерін «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс ұйымдастыруға арналған жүйемен қосылуға шақырды.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here