Қазақстанда тұрғын үйді қай жерден сатып алу тиімді: мәмілелердің көшбасшылары мен аутсайдерлері

0
9

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың тамыз айындағы көрсеткіштер бойынша, бір жыл ішінде (2023 жылдың тамызынан 2024 жылдың тамызына дейін) екінші нарықтағы пәтерлерді қайта сату бағасы 4,9%-ға, ал жаңа тұрғын үйді сату бағасы 2,7%-ға өсті. Сондай-ақ, 2024 жылдың тамызында жайлы тұрғын үйді жалға алу ақысы өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 4,2%-ға қымбаттағанын inbusiness.kz хабарлады.

Аймақтық тұрғыда бір жыл ішінде бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар Ақтөбеде 7,9%-ға, Талдықорғанда 7,2%-ға және Қызылордада 7,1%-ға айтарлықтай қымбаттады. Екінші нарықтағы тұрғын үй бойынша баға өсуінің көшбасшылары – Атырау (17,3%), Астана (12%), ал жалға алу нарығында Петропавл (23,5%), Қарағанды (22,4%), Шымкент (20,8%) және Астана (20,6%) болды.

2024 жылдың тамыз айында жаңа тұрғын үйді сату бағасы шілде айымен салыстырғанда 0,3%-ға қымбаттаса, ал екінші нарықтағы пәтерлердің қайта сату бағасы 0,2%-ға арзандады. Сонымен қатар, жаныңа айлы тұрғын үйді жалға алу ақысы тамыз айында алдыңғы аймен салыстырғанда 1,4%-ға өсті.

2024 жылдың тамыз айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша тіркелген мәмілелер саны -40 832.Оның ішінде 8981-і жеке үйлерге, ал 31 851-і көпқабатты үйлердегі пәтерлерге қатысты ақпарат. 2024 жылдың шілде айымен (40 099) салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 1,8%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша көшбасшылар – Астана (8200 – 20,1%), Алматы (7242 – 17,7%) және Қарағанды облысы (3170 – 7,8%). Ең аз мәмілелер Ұлытау облысында тіркелген – 403 (1%).

2024 жылдың шілде айымен салыстырғанда тамыз айында тұрғын үй мәмілелерінің ең көп өсуі Астанада (+19,8%), Абай облысында (+15%) және Қызылорда облысында (+13,3%) тіркелген. Ал ең үлкен төмендеуі Солтүстік Қазақстан (-24,4%), Алматы (-15%) және Ақтөбе (-14,3%) облыстарында байқалған.

2024 жылдың шілде айымен салыстырғанда, тамызда көпқабатты үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 2,8%-ға (878 мәмілеге) өсті. Тамыз айында барлығы 31 851 пәтер сатылды.Бұл жалпы көрсеткіштің 78%-ын құрайды. Көпқабатты үйлердегі тұрғын үй сату бойынша негізгі үлес Астанаға (25,4%), Алматыға (21,1%) және Қарағанды облысына (8,4%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша көшбасшы 2 бөлмелі пәтерлер болды.Тамыз айында бұл бойынша 12 019 мәміле жасалды.

2024 жылдың шілде айымен салыстырғанда, тамызда жеке үйлер бойынша мәмілелер саны 1,6%-ға, яғни 145 мәмілеге азайды. Тамыз айында тіркелген мәмілелер саны 8981 болды. Жеке үйлер бойынша мәмілелер санының көбеюі Қызылорда (+32,8%), Павлодар (+22,3%) және Жамбыл (+9%) облыстарында байқалды. Ал азаюы Ақтөбе (-21,2%), Астана (-14,5%) және Солтүстік Қазақстан (-12,3%) облыстарында тіркелді.

2024 жылдың тамыз айында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 5,2%-ға өсті.Сол кезде 38 810 мәміле тіркелген еді.  Ең үлкен көбею Батыс-Қазақстан облысында (+65,5%) байқалса, ал ең үлкен азаюы Солтүстік Қазақстан облысында (-23,5%) болды. Сонымен қатар, 2024 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығындағы мәмілелер саны 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 13,8%-ға артты.

Ұлттық статистика бюросы (АСПиР РК) тұрғын үй нарығындағы бағаларды ай сайын бақылайды. Баға индексі облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы іріктеу бақылау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үй сатылымдары туралы ақпарат құрылыс ұйымдарынан жиналады.Мұнда жаңа үйлердің ескерілжағдайы да ескеріледі. Пәтерлердің қайта сатылуы мен ыңғайлы тұрғын үйді жалға алу бойынша деректер ғаламтор желілерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір-, екі- және үш бөлмелі пәтерлердің ұсыныстары қарастырылады.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here