Бірақ алғашында бұл мүлде басқа қала еді…

0
14

Дисклеймер: Бұл мәтінді мен 10 жылдан астам уақыт бұрын жазғанмын. Барлығы сол қалпында қалған секілді (тау-өзені,аспаны), бірақ қазір мен кейбір мәтін тармақтарын ақиқат ретінде есептей алмаймын. Неліктен екенін өзіңіз түсініп көріңіз.
…Бейтаныс қалаға келіп, сені бұл жерде ешкімнің күтпейтінін білген кезде,өне бойыңды мұң кернейді. Көбінесе,бейтаныс саяхатшыға жарнамалық парақшалар мен жол көрсеткіштер көмектесе бермейді. Алғашқы қадам – қалада серуендеп немесе көлікпен жүріп өту. Жеке өзіңіз,достарыңызбен немесе қаланы жақсы білетін танысыңызбен болсын– бұл маңызды емес. Сіз өз өміріңіздің бір бөлігін өткізетін қалаға оның тұрғындарының көзімен қарап, көп нәрсені түсінесіз.

Бірақ алғашында бұл мүлде басқа қала еді…

Қала адамға ұқсайды.
Бірі – еуропалық стильде қатаң, іскер және ешқашан күлімсіремейді.

Екіншісі–әрқашан күлімсіреп,көңілді іс-шаралардың әуенімен әсемделген.

Ал,енді басқасы– шығыс стильі тәрізді ойлы, талғампаз, нәзік және ерекше хош иісті.
Біздің қала осының бәрін бойына сіңірген. Ол-кейде іскерлікке толы ресми болуы мүмкін, ал кейде меркелік іс-шара секілді жарқырап, бізді таңғалдыра алады (ең қызықтысы – аталған қасиеттердің барлығы бір қаладан табылуы мүмкін). «Асығыс және әдепсіз адамның негізгі белгілерінің бірі – пікірге деген қатаңдық» — деп шығыс ойшылдары бекер айтпаған. Кейде бұл асығыстық халықта, қалада, елдегі ең маңыздысын байқауға кедергі болады.
Алматы – қатты айтылған  пікірлерден қорықпайтын қала. Мұнда шынайы, наивті, қарапайым және қонақжай болудан қорықпайды.

Бірақ алғашында бұл мүлде басқа қала еді…

Алматының Шығыс елдерімен ұқсастығын байқауға да болады. Мұнда кез-келген адам мен қонақты,кейде өзімізді қонақ ретінде жақсы көреді! Бұл қалада сізді (танысқаннан кейін екінші минутта-ақ) міндетті түрде шаймен немесе дәмді тағамдармен қонаққа шақырады. Бұл біздің «отбасылық-қалалық» ерекшелігіміз, және біз бұл қасиетімізбен мақтанамыз. Уақыт өте келе,басқа елден келіп,Алматыда белгілі бір уақыт тұрып жатқан адамдардың  мінезі жергілікті тұрғындардың мінезіне ұқсайтыны байқалды. Біз бұнымен де мақтанамыз.

Біздің қала, Алматы, жыл мезгіліне қарамастан әдемі. Бірақ күз айында қала ерекше сұлулық пен ерекшелікке ие болады.
Дәстүр бойынша, қала тұрғындары күзде қонақтарын алыс немесе жақын шетелден Заилийский Алатаудың тауларына, қаланың немесе оның маңындағы кез келген шатқалдарға: Алматы, Медеу, Қаскелен, Талғар, Тургень, Ақсай… алып барады.
Мұнда түстердің керемет араласуы (зәйтүн жасыл түсінен күлгін-қызылға дейін), сондай-ақ ерекше, қыстың суықтары жақындап келе жатқанын сездіретін «дәмді» ауа бар. Әдетте,дәл осындай шынайы алматылық «күзгі күн» ұзаққа есте сақталады.

Бірақ алғашында бұл мүлде басқа қала еді…
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Нақты осы жерде, шатқалдар мен шұңқырларда, бір сәтте пайда болатын керемет көрінісі мен әсерлі қырының арасында көптеген бейнетаспалар мен мыңдаған фотосуреттер түсіріледі. Олар кейін нағыз өнер туындысы ретінде танылуы мүмкін. Өздеріңіз де мәңгілікте өз іздеріңізді қалдыруға тырысыңыздар! (мен әзілдеп тұрған жоқпын!)

Бірақ алғашында бұл мүлде басқа қала еді…


Күз көптеген адамды өзгертеді. Күз біздің қаланы, оның көңіл-күйі мен сипатын өзгертеді. Жүзімнің алғашқы қысқы желін сезінген ерекше сорттағы шарап сияқты, қала да ерекше ащы дәм мен хош иіс алады.
Бейтаныс қалаға келгенде, сізді осында күтетінін білсеңіз,өзіңізді бір сәтке болсын жақсы сезінесіз.. Есіңізде болсын – Алматыда сізді әрқашан күтіп, жақсы көреді!

Геннадий Власов

Бірақ алғашында бұл мүлде басқа қала еді…

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here