Халықтық қаржы: алматылықтар аулаларды жөндеуге өтініш бере алады

0
7

Жоба бойынша ұсыныстарды қабылдау 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Алматы қаласының әрбір тұрғыны өз ауласын жақсартуға үлесін қоса алады. «Халықтық бюджет» бағдарламасы өз жұмысын жалғастыруда. Өткен жылы Алмалы ауданының өзінде 54 аула жаңарды. Қаржыландыру шектеулі. Дегенмен де,өз арманындағы аулаға тек қажетті дауыс жинағандар ғана қол жеткізе алатындығын Almaty.tv тілшісі хабарлады.

Мегаполистің бір ауласы екі айдың ішінде көз алдымызда өзгерді. Бұрын бұл жерде бос,қараусыз жер болатын, ал қазір жасыл желек пен балалар алаңы және демалыс орындары бар. Мұның бәрі «Халықтық бюджет» бағдарламасының арқасында жүзеге асты. 2019 жылдан бері шамамен 870 аула жақсартылды.

Әр жоба аула тұрғындарының қалауларын ескере отырып жасалады. Наталья Лазарева- аталмыш жобаға қызығушылық көрсеткендердің бірі.Болашақ ауласының жоспарын жасап, өтініш тастады. Өз ауласын өзгерту арманын Алматы тұрғындарының қолда көрсетуінің арқасында жүзеге асырды. Құрылысшылар екі ай ішінде жұмысын аяқтады. Аталмыш бағдарламаға барлық қала тұрғындары қатыса алады.

Біз ештеңені де жоғалтпаймыз. Бар болғаны аула эскизі мен сметаны құрып, өтініш берсеңіз болғаны, шынында да бұл өте оңай., Бәлкім,мен үшін ең қиыны дауыс жинау болған шығар. Біз жобаны қағаз түрінде басып шығарып,жасыл алаңдар мен бақшаларда жүрдік, – деп қала тұрғыны Наталья Лазарева өз пікірін білдірді.

2023 жылы бағдарлама екі кезеңге бөлінді. Тек Алмалы ауданынан шамамен 1000 өтініш қабылданды. Бұл -біз үшін ең жоғары көрсеткіш. Сол кезде 34 жоба жүзеге асырылды. Осы жылдың басынан бастап мегаполисте 360-тан астам аула жаңартылды.

Келесі жылға өтінішті 25 қыркүйекке дейін беруге болады. Сомасы 92 миллион теңгеден аспауы тиіс. Бағдарламаның ережелері туралы толығырақ ақпаратты budget.open-almaty.kz интернет-порталынан білуге болады.

Владислав Иващенко, Гани Калуов, «Алматы» телеарнасы.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here