Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталды

0
7

15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғындарды жаңа және жөнделген тұрғын үйлерге көшірді.

Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 1394 үй сатып алынған және 1899 үй жөнделген. Петропавловл қаласында 700 үй салынды. Үйлер «Бірлік» атты жаңа шағын ауданында салынды. Бүгін тағы 173 үйдің құрылысы аяқталды. Кілттерді тапсыру салтанатына Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозумбаев қатысты.

«Тұрғындарға көрсеткен төзімділігі үшін алғыс айтамын және облысты қалпына келтіруге қатысқан барлық бизнес өкілдерін атап өткім келеді. Бұл – “Қазақстан халқына” қорының басқарма төрағасы Жамишев Болат Бидахметович, “Kazakhmys” корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Огай Эдуард Викторович, “Kaspi” компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ким Вячеслав Константинович және “KAZ Minerals Management” компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Новачук Олег Николаевич. Сіздердің көмектеріңіз болмаса, осындай ауқымды құрылыс жұмыстары 3,5 айда аяқталмас еді», — деді вице-премьер.

Бүгінгі күні жаңа «Бірлік» шағын ауданында бала- бақша салынуда, 600 орындық мектептің құрылысын жоспарланған. Жақында шағын ауданда асфальтталған жолдар мен автобус қатынасы ұйымдастырылады.

«Бүгін ұзақ күттірген кілтімді алдым. Мен өте бақыттымын. Қиын болды. Бірақ біз төздік! Президентке, мемлекетке, әкімдікке және күні-түні жұмыс істеп, бізге үйлерді тезірек салып берген құрылысшыларға рақмет. Бұрын Подгора ауылында тұрдым. Енді жаңа үйде жаңа өмір бастаймыз, мал ұстаймын, бақша өсіремін», — деді эмоцияларымен бөліскен Алима Жаманкозова.

«Барша Қазақ халқына көмек және қолдау үшін үлкен алғысымды білдіремін. Бұрын Заречный елді мекенінде 70 шаршы метрлік үйде үлкен отбасымызбен тұрдық. Енді жаңа шағын ауданда үлкен әрі жарық үйіміз бар. Бүгін бәріміз өте бақыттымыз», — деді «Бірлік» шағын ауданының тұрғыны Даурен Хамзин.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен бірге су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындары да жаңа және жөнделген үйлеріне толықтай орналасты.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here