Қазақстанда сауда үйлерін,мектептер мен биік ғимараттарды сақтандыру жоспарлануда.

0
5

Қазақстанда өрт болған жағдайда үшінші тұлғаларға (зардап шеккендерге, қаза болғандарға) өтемақы төлеу жүйесі жоқ. Алайда, ТЖМ (Төтенше жағдайлар министрлігі) адам көп жиналатын орындар мен биік ғимараттарды міндетті  түрде сақтандыруды қарастыратын заң жобасын  құруды қолға алғанын хабарлайды  Liter.kz

Қазіргі уақытта сөз тек адам көп жиналатын ғимараттар (сауда орталықтары, мектептер, балабақшалар және т.б.) жайлы болып отыр, бірақ бұл біртіндеп жеке тұрғын үйлерге де қатысты болмақ.

Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Төрегелдиев мәлімдеді.

«Азаматтық қорғаныс мәселелері» заң жобасы аясында сақтандыру түрін енгізу көзделуде. Қазіргі уақытта бұл заң жобасы қаралуда.Бекітілгеннен кейін  ТЖМ барлық нысандарға, соның ішінде тұрғын үйлерге де біртіндеп өту жоспарын қарастырмақ”, – деді Төрегелдиев Астанадағы брифингте.

ТЖМ 2028 жылға дейін барлық жеке үйлерді өрттен сақтандыруды жоспарлап отыр.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here