Қостанай облысы Арқалық қаласында 300 орындық мемлекеттік тілде оқытатын жаңа «Жайлы мектеп» ашылды. Бұл білім ошағының құрылысына республикалық бюджеттен 2,6 миллиард теңге бөлінген. Жаңа мектеп балаларға сапалы білім алуға ыңғайлы жағдай жасады.
Білім ордасының ашылу салтанатында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали жаңа оқу орнының оқушылардың дарындарын дамытуға барлық жағдайларды ұсынатынын атап өтті. «Бұл мектептің әлеуметтік әсері зор. Себебі, 70 тұрақты жұмыс орны ашылды. Оқушылар енді сапалы білімді жақын маңнан ала алады. Сонымен қатар, Арқалық педагогикалық институтымен ғылыми-әдістемелік байланыс орнатылып, болашақ педагогтар мектепте тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Институттың жетекші ғылыми қызметкерлері де осы мектептің қамқоршылар кеңесіне кіруге дайын», — деп атап өтті ол.
Мектепте бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларына арналған жеке бөлімдер бар. 26 оқу кабинеті зерттеу дағдыларын қалыптастыруға арналған заманауи жабдықтармен жабдықталған. IT-компетенцияларын дамытуға, ғылыми және шығармашылық қабілпттерін арттыруға бағытталған робототехника кабинеттері мен STEM-зертханалары, компьютерлік сыныптар бар.
Мектепте заманауи кітапхана, оқу залы, жайлы коворкинг алаңдары және тыныш әрі белсенді ойындарға арналған алаңдар бар. Мектеп арнайы білім алу қажеттіліктері бар балаларға да бейімделген, қауіпсіз білім беру ортасы, соның ішінде мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалған.
Қазіргі уақытта мектепке 400-ге жуық бала қабылданып, оқу екі ауысымда жүргізілетін болады.